- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Агенттік Қазақстанда лицензияланбаған компаниялар тізбесін жариялады
Құрметті қазақстандықтар!
2020 жылдан бері Агенттіктің атына жоғары кірістілікке кепілдік берілген, клиенттердің ақшасын инвестициялық мақсаттар үшін тартатын лицензияланбаған компаниялардың қызметіне қатысты 40-тан астам шағым мен өтініш келіп түсті.
Мұндай компаниялар, көбіне, есептік тіркеуден өтпеген, оффшорлық аймақтарда тіркелген және оларда қаржы реттеушісінің лицензиясы жоқ. Олар клиенттерге қаражатты инвестициялау жөнінде өз сервистері арқылы консультациялар беріп, оқытады. Қазақстан Республикасының аумағында мұндай компаниялар негізінен қашықтан, өкілдіктері мен филиалдары, не сенімхат бойынша өкілдері арқылы жұмыс істейді.
Мұндай ұйымдардың жұмыс істеу схемасы клиентке шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар жасау үшін деген желеумен жабық интернет-сервистерге және сауда платформаларына қашықтан кіруге рұқсат беруді болжайды. Мұндай платформаларда клиенттер өздерінің жеке кабинеттерінде қаражатының «өскенін» көре алады. Клиент «тапқан» кірісін алуға әрекет жасаған кезде, бұл компаниялар ақшаны қайтарғаны үшін қосымша сыйақы талап етіп клиентке оның ақшасын қайтарудан жалтарады не қандай да бір себептермен клиенттердің шоттарындағы қаражатты негізсіз «жоқ қылады», бұл да алаяқтық әрекеттер белгісі болып табылады. Бұл компаниялардың банктік салымдар бойынша сыйақының ағымдағы мөлшерлемелерінен бірнеше есе асатын, жоғары кірістілікті уәде етіп, өз қызметтерін, негізінен, әлеуметтік желілер арқылы агрессивті түрде жарнамалайтынын атап өткен жөн.
Осыған байланысты мен сіздерге агрессивті жарнамаға берілмеуге және нақты және ашық құқықтық режимде жұмыс жасайтын компаниялармен жұмыс істеуге кеңес беремін. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға реттеушінің лицензиясы бар брокерлік/ дилерлік ұйымдардың тізімі Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған. Аталған компаниялардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң түрде регламенттеледі. Біз бұл компаниялардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырамыз және қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеміз.
Лицензияланбаған компаниялардың қызметіне байланысты қазақстандықтардың тәуекелдерін болдырмау үшін Агенттік азаматтардың шағымдары келіп түскен компаниялардың тізбесін және интернет-сайттарының мекенжайларын жариялады. Сонымен бірге мен өздерін «инвестициялық компаниялар» ретінде көрсететін ұйымдармен шарттық қатынастарға түскен кезде IOSCO Халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) хабарламаларымен және ескертулерімен танысуды ұсынамын.
Қаржы құралдарымен сауда-саттық жасаудың түрлі нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелдермен қатар жүретінін есте ұстаған маңызды. Осыған байланысты инвесторларға инвестициялауды лицензияланатын қазақстандық компаниялар арқылы жүзеге асыруға кеңес беремін.
- 07.06.2021
- 266