• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов табысы аз отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуінде табысы аз отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Еңбекминінің басшысы 2020 жылдан бастап Қазақстанда ашықтықты, әділдікті және өзара жауапкершілікті күшейту қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсетудің жаңа моделі іске асырылып жатқанын атап өтті (тоқсан сайынғы өтініш, тағайындау критерийі – отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыстың өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан кем мөлшері, балаларға арналған тіркелген төлемнің күші жойылды, еңбекке қабілетті адам жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы АӘК алу құқығынан айырылады).

АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу шеңберінде 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы енгізілді және табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) енгізілді.

Балалардың жасына байланысты мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына арналған әлеуметтік топтаманың екі түрі бар. Мектеп жасына дейінгі балаларға балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтар, мектеп жасындағы балаларға мектепте ыстық тамақ, мектеп киімі мен керек-жарақтары, жол жүру шығыстарын өтеу ұсынылады. Әлеуметтік топтама құрамын қалыптастыру кезінде денсаулық сақтау, білім беру мамандарының ұсынымдары, жұртшылықтың пікірі ескерілді. 2020 жылы 435 мың бала әлеуметтік топтама алды.

«2020 жылы барлығы 936 мыңнан астам адам немесе табысы аз 185 мың отбасы, оның ішінде 600 мың бала (64%), 73,5 мың көпбалалы отбасы АӘК алды. Төлемдердің жалпы сомасы 88 млрд теңгені құрады», – деді Серік Шәпкенов.

Еңбекке қабілетті көмек алушыларды жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылды.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 201 мың адам немесе еңбекке қабілетті АӘК алушылардың 74%-ы (271 мың) тартылды. 1,4 мың отбасы өз ісін дамыту үшін жеңілдетілген микрокредит алды», – деді министр.

Ол сондай-ақ, 2020 жылы барлық өңірлерде табысы аз және көпбалалы отбасыларды түрлі мәселелер бойынша қолдау орталықтары ашылғанын атап өтті (31 орталықта АӘК тағайындау, тұрғын үй, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту және т.б. мәселелер бойынша көмек және кеңес беріледі).

«АӘК-ті одан әрі жетілдіру мақсатында және алушыларға ыңғайлы болу үшін біз заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырамыз. Мәселен, 2021 жылдан бастап АӘК-ке өтінішті Электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Балаларға арналған әлеуметтік топтама Әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылады. Жаңа «Еңбек» ұлттық жобасы аясында еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылардың табысын арттыру үшін жұмысқа орналастыру, сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, өз ісін ашу немесе дамыту үшін жеңілдікті микрокредиттер мен гранттар беру бойынша кешенді шаралар ұсынылатын болады», – деп түйіндеді Еңбекминінің басшысы.

  • 10.06.2021
  • 284
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика