• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов қазақстандықтарды жұмыспен қамту жайын баяндап берді

Халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов COVID-19 пандемиясы кезінде еңбек нарығының тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілгені және 2021 жылы қазақстандықтарды жұмыспен қамту үшін қандай шаралар қабылданғаны туралы айтып берді.

Ведомство басшысы пандемиядан туындаған қиындықтарға және өткен жылы қабылданған қажетті шектеу шараларына қарамастан, еңбек нарығының негізгі индикаторлары жағдайдың тұрақтылығын көрсеткенін атап өтті. Бұған ҚР Үкіметі қабылдаған, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған жедел шаралар кешені ықпал етті.

«Тек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 650 мыңға жуық адам қамтылды, олардың 319 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 70 мыңнан астам адам қысқа мерзімді курстарда оқумен және техникалық-кәсіптік біліммен қамтылып, 33 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды», – деп баяндады Серік Шәпкенов.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін 13 мыңға жуық жеңілдікті мкрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 45 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Оның ішінде 1,4 мың микрокредит көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді. Микрокредит алушылар 13,7 мың қосымша жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ, өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) аясында 239 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың көпшілігі – халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздар. ЖҚЖК арқасында 6,7 мың әлеуметтік маңызы бар нысан іске қосылды.

«Ағымдағы жылы ЖҚЖК іске асыруға 300 млрд теңге қарастырылған, олар төрт негізгі бағытқа бағытталады: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен мен бизнесті дамыту. Осы бағыттар аясында шамамен 41 мың жұмыс орны құрылады, олардың 69%-ы тұрақты жұмыс орындары болады», - деді Еңбекминінің басшысы.

Серік Шәпкенов атап өткендей, бөлінген қаражаттың 42,5%-ы (127,5 млрд теңге) халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады. Шамамен 33,3%-ы (100 млрд теңге) – агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және 24,2%-ы (72,5 млрд теңге) өңірлерде бизнесті дамытуға және «Атамекен» ҰКП мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен микроқаржы ұйымдары арқылы микрокредит беруге пайдаланылатын болады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ағымдағы жылы «Еңбек» ұлттық жобасы бекітіліп, ол еңбек нарығын дамытудың жаңа жағдайында жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.

«Ұлттық жоба аясында халықтың әрбір нысаналы тобының жұмыспен қамтылуын қолдауға бағытталған құралдар енгізіледі. Қазіргі заманғы экономика талаптарына сәйкес, оқытудың жаңа түрлері (онлайн және жұмыс орнында) арқылы еңбек ресурстарының дағдыларын дамытуға қолдау көрсетіледі. Жеке секторда жұмыс орындарын құру үшін өңірлік экономикаларда зәкірлік кооперация мен өндірістік тізбектерді дамытуға микрокредиттеу арқылы қолдау көрсетілетін болады», – деп атап өтті Серік Шәпкенов.

Жалпы, 2021 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1,2 млн адам қамтылады, оның ішінде:

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы - 700 мыңнан астам адам;

- Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 41 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде 28 мыңы тұрақты жұмыс орны болады;

- басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында 440 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

  • 10.06.2021
  • 295
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика