• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғау шаралары туралы хабардар етті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуінде жұмыскерлерге лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Ведомство басшысы Еңбекмині еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шаралар кешенін тұрақты негізде іске асырып жатқанын атап өтті.

Осылайша, 2021 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылдаған шаралар нәтижесінде 4 мыңнан астам заң бұзушылығы жойылды; 1,7 млрд теңге сомаға жалақы берешегі өтелді және 9,6 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

«Қазақстан «Еңбек нарығы» факторы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша көшбасшы елдердің отыздығына кіреді. Еңбек заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында 2020 жылы Еңбек кодексіне түзетулер пакеті қабылданды. Атап айтқанда, мұнда, қызметкерлердің қарыздық еңбек саласындағы еңбек құқығын реттеуді және қорғауды келтіру мәселесі бар. Еңбек жанжалдарын болдырмау жөніндегі кешенді жоспар бекітіліп, іске асырылуда. Кәсіпорындардағы жағдайға мониторинг жүргізу үшін министрлік жанында ахуалдық орталық жұмыс істейді», – деп хабарлады Серік Шәпкенов.

Осы жылдың басынан бастап елімізде еңбек дауларының туындау тәуекелі бар 254 проблемалық кәсіпорын тіркелген, олардың 183-інде жағдай шешілсе, 71 кәсіпорында ахуал министрліктің тұрақты бақылауында және олар бойынша әкімдіктер шаралар қабылдауда.

«Жұмыскерлердің құқығын қорғаудың маңызды талаптарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендер саны 10,7%-ға азайды (1683-тен 1503-ке дейін, оның ішінде қаза тапқандар саны 16,2%-ға, 248-ден 208 адамға дейін азайған). 2020 жылы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін 672 мың қызметкер 141 млрд теңге сомасына түрлі өтемақы алды», – деп толықтырды министр.

Сонымен қатар, төмендеу қарқынына қарамастан, өндірістегі жарақаттану мәселесі әлі де өзекті болып отырғанын атап өтті. Еңбекмині түйткілді тарқату мақсатында мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған жол картасын іске асыруда. «VisionZero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасуда (қазіргі кезде елдегі 216 кәсіпорын осы тұжырымдаманы қолдады).

 «Бүгінде біз 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын әзірлеудеміз, онда Еңбекті қорғауды басқарудың тәуекелге бағдарланған ұлттық жүйесін құруда әлеуметтік әріптестік тараптарының белсенді қатысуын қамтамасыз ететін жүйелі шаралар айқындалатын болады. Әлеуметтік әріптестікті дамыту шеңберінде Үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында барлық тараптардың мүдделерін байыпты қорғауға бағытталған 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Бас келісім жасалды. 147,7 мың ұжымдық шартқа қол қойылған, оның ішінде 96,4%-ы ірі және орта кәсіпорындарда болып отыр. Әлеуметтік әоіптестік бойынша үшжақты комиссияның 77 отырысы өткізілді», – деп хабарлады Серік Шәпкенов.

Сондай-ақ, ол жұмыс берушілермен жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмысының нәтижесінде 1,2 млн жалақысы төмен қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 32%-ға артқанын атап өтті. Салаларда еңбекақы төлеудің бірыңғай стандартын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Еңбек нарығындағы жаңа талаптарды, жағдай мен тәуекелдерді ескере отырып, еңбек заңнамасын жетілдіруді жалғастырамыз. Қашықтықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту сияқты жұмыс күшін жалдаудың жаңа нысандарын енгізу бойынша халықаралық тәжірибе зерделенуде. Еңбек даулары мен жанжалдарды шешу, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзатын адамдардың жауапкершілігін қатаңдату жөнінде заң жобасын әзірлеу жоспарлануда», – деп түйіндеді Еңбекминінің  басшысы.

  • 10.06.2021
  • 322
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика