• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТҚҚК сотта «Бек Эйр» АҚ билеттердің құның қайтару бойынша 670 тұтынушының мүдделерін ұсынды

13 мамырда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясының өз тұтынушыларына билет құнын қайтару ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Талап-арызды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ТҚҚК) ұсынды.

Жауапкердің өкілі билеттерді тұтынушылардың арнайы тариф бойынша сатып алғандығын дәлелдей отырып, Комитеттің талабын мойындамай отыр. Әдетте әуекомпаниялардың шарттары бойынша, егер жолаушы өз кінәсі бойынша межелі орнына ұша алмаса (кешігіп, тіркеуден өтпесе, ұшақ бортына өтпеген жағдайда және т.б) арнайы тариф бойынша сатып алынған билеттердің құны қайтарылмайды.

Алайда, бұл жағдайда жолаушылар «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясының кінәсінен ұшып кете алмады. Сондықтан, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (86-бап) және әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау Ережелеріне (38-тармақ) сәйкес тасымалдаушының кінәсінен 10 сағаттан астам мерзімге кешіктірілген немесе рейстің күші жойылған жағдайда тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша міндетті:

1) жолаушыны билетте көрсетілген межелі орнына дейін жақын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге;

2) жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға міндетті.

(Аңықтама. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 540 бұйрығымен бекітілген).

Сондықтан ТҚҚК бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және Азаматтарға қаражатты қайтару жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, ТҚҚК-нің өтініші бойынша судья «Бек Эйр» АҚ-нан келесі отырысқа 300 млн.теңге төленген туралы дәлелдемелерді ұсынуды талап етті.

Келесі отырыс 2020 жылдың 19 мамырына тағайындалды.

2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша ТҚҚК 670 тұтынушының мүддесін білдіреді, олар 44 млн. теңгеден астам сомаға 1267 билет сатып алынған.

Комитеттің талап-арыз бойынша талаптары:

  1. Тұтынушылардың кінәсінен болмаған алдын ала сатып алынған билеттердің толық құнын өндіріп алуға «Бек Эйр» АҚ қызметтерін алушы тұтынушылардың құқықтарын мойындау.
  2. Тұтынушылардың кінәсінен болмаған әуерейстердің тоқтатылуы бұрын сатып алынған билет шығындардың толық құнын қайтаруға жауапкерді мәжбүрлеу.
  3. Тұтынушылардың пайдасына әуебилеттер үшін төленген соманы жауапкерден іздстіру.

  • 14.05.2020
  • 456
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика