• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Қазақстанда кредиттер бойынша сыйақының сараланған мөлшерлемелері енгізілді

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстанда 2011 жылдан бері банктік қарыздар мен микрокредиттердің барлық түрі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бірыңғай болып, 56%-ды құрады. 2021 жылы Агенттік кредиттік ұйымның және қарыздың түріне қарай сыйақы мөлшерлемелерінің сараланған шекті мәндерін енгізді:

  • кепілсіз банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
  • кепілді банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 40%-ға дейін төмендетілді;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 25%-ға дейін төмендетілді;
  • микрокредиттер (кепілді және кепілсіз) бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
  • 45 күнге дейінгі мерзімге 50 АЕК-ке дейінгі сомаға берілетін кепілді микрокредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.

ЖТСМ – бұл банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметтері бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі.

Қарыз бойынша ЖТСМ есебіне клиенттің негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, оның ішінде:

1) егер сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша пайда алушы кредиттік ұйым болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;

2) клиенттің кепілдікті (кепілгерлікті) алғаны үшін кепілдеме берген адамға (кепілгерге) кепілге берілетін мүлікті бағалағаны үшін бағалаушыға төлемдері;

3) клиенттің клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттарды қарыз беру талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, қарыздарды өтеу есебіне клиенттерден төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша кредиттік ұйымға қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына төлемдері кіреді.

Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мөлшерлерінен асып кетуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар қарыз бойынша ЖТСМ мәнін Агенттіктің сайтында өз бетінше есептеп, тексере алады.

  • 15.06.2021
  • 282
Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика