- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
ЯФИ және «Дубна» университеті: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
11 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің БЯЗИ-дегі Өкілетті Өкілі, ЯФИ бас директоры Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзовтың мемлекеттік «Дубна» университетінің» ректоры Дмитрий Владимирович Фурсаевпен және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Андрей Сергеевич Деникинмен кездесуі өтті.
ЯФИ РМК мен «Дубна» университеті» 10 жылдан астам уақыт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ/Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – ЯФИ РМК – БЯЗИ – «Дубна» университеті» арасындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау және іске асыру жөніндегі төртжақты келісім шеңберінде жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама аясында қос дипломды білім беру қарастырылған. Қазақстан Республикасынан 130-дан аса бакалаврлар мен магистрлер «Дубна» университетінде «Ядролық физика» мамандығы бойынша білім алып шықты.
2016 жылы «Химия» мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлау туралы келісімге қол қойылды.
Аталмыш кездесуде тараптар қос дипломды білім беруді кеңейту мәселесін талқылады, атап айтқанда: биология, ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша кеңейту ұсынылды, сондай-ақ тараптар басқа да қазақстандық жоғары оқу орындары қамтылған қос дипломды білім беру жүйесін кеңейтуді талқылады, атап айтқанда, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін төртжақты келісім бағдарламасына енгізу туралы мәселе талқыланды.
Сондай-ақ, кездесуде «Дубна» университетінің» сутектік энергетикасы бойынша мәселелері талқыланды. «Дубна» университетіндегі» сутектік энергетика бойынша бірнеше әзірлеме сутектік энергетика жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде Ядролық физика институты үшін қызығушылық тудырады.
- 16.06.2021
- 378