- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШЫМКЕНТКЕ МЕГАПОЛИС СТАТУСЫН БЕРУ – ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫН АШТЫ
Үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты.
Жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн.теңгеден асты. Осы аралықта қала бюджеті 131,2 млрд.теңгеден биыл 481,6 млрд.теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе болмақ. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Өнеркәсіп өнім көлемі 425 млрд.теңге болса, жыл соңында 710 млрд.теңге болады деп күтілуде.
3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарланып отыр.
Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған.
- 25.06.2021
- 186