- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
QazTrade қазақстандық экспорт үшін әлеуетті нарықтар іздестіруде
ҚР Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының» өкілдері Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) елдерінің арасындағы сауда ынтымақтастығы жөніндегі Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының семинар-кеңесіне қатысты.
Отырысқа қатысушылар соңғы жағдайларды ескере отырып әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін, сондай-ақ, ИЫҰ елдеріне қазақстандық экспортты жылжытудың мүмкіндіктерін талқылады.
Атап айтқанда, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілі ұйымға қатысушы елдердің нарықтарында қазақстандық тауарларды ілгерілетуде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Оның ішінде ИЫҰ-на мүше 57 елдің жеке сектормен ақпарат алмасуына және байланыс орнатуын ұйымдастыруға, сондай-ақ жекелеген мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешені тауарларына қажеттілігінің тізімін қалыптастыруға ат салысуына дайын екендігін мәлімдеді. Осы елдердің нарықтарында сұранысқа ие қазақстандық тауарлар үшін тауарларды тасымалдау және сақтау процесіне жәрдем көрсету де қарастырылады.
Айта кету керек, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бірқатар елдері отандық экспорттық тауарлар үшін әлеуеті жоғары нарықтар ретінде қарастырылуда. Бірінші кезекте, өңделген отандық өнімдер үшін.
Бұған дейін Qaztrade отандық қайта өңделген тауарлар экспортының географиясын кеңейту жұмысы шеңберінде ИЫҰ-на қатысушы елдердің нарығына талдау жүргізді.
QazTrade мәліметтері бойынша, Қазақстанның Оңтүстік Азия елдерімен бірлескен тауар айналымы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады; тауар айналымының көп бөлігі (79,7% - 1,9 млрд. $) Үндістанға тиесілі, ал 402,2 млн. $ (17,2%) көлеміндегі үлес Ауғанстанмен тауар айналымына тиесілі.
Бүгінгі таңда еліміздің аталған аймақ мемлекеттерімен сауда құрылымы негізінен шикізат тауарлары түрінде (мұнай, газ, металл және бидай) ұсынылған.
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының» АҚ-ның Бас директоры Арман Абенов: «Оңтүстік Азия аймағы нарығының қажеттілігін зерттеу аталған аймаққа қазақстандық өңделген өнімдер үшін экспорттық әлеуеттің бар екенін көрсетті, - деп мәлімдеді. – Егер аталған аймаққа Ауғанстан нарығы арқылы шығуды қарайтын болсақ, онда ұзақ уақыт сақталуға мүмкіндігі бар азық-түлік өнеркәсібінің тауарлары әлеуеті басым болады: ұн, кондитерлік өнімдер, консервілер. Қазақстандық тауарларға деген жоғары тұтынушылық сұранысты біз Үндістанда да көріп отырмыз. Мұнда өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің ең үлкен әлеуеті бар тауарлар: минералды өнімдер, машиналар, жабдықтар, аспаптар мен аппараттар, асыл емес металдар және олардан жасалған бұйымдар». Бұдан басқа, Оңтүстік Азияда қазақстандық тауарлар: ұн, кондитерлік өнімдер, легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, темірден жасалған тегіс илек, металл құбырлар және басқа өнімдер сұранысқа ие.
Аймақтың екі нарығымен (Ауғанстан және Үндістан) өзара сауданы кеңейту әлеуеті қазақстандық экспортты жарты миллиард АҚШ долларына өсіруге мүмкіндік береді.
QazTrade мамандары талдаған тағы бір нарық – Африканың әлеуеті болды.
«Африка бүгін – ең тез дамып келе жатқан құрлық. Біз қазақстандық бизнеске айтарлықтай пайда әкелетін тауашаларды бекітетін сәтті тиімді пайдалануымыз керек", - деп мәлімдеді Арман Әбенов.
Африкада қазақстандық экспорттың әлеуетін кеңейтуді зерттеу деректері бойынша, құрлықта фармацевтикалық және химиялық индустрия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тау-кен саласы тауарлары сұранысқа ие болады.
«Қазақстандық құрылыс компанияларының жол инфрақұрылымы нысандарын салуға қатысуы үшін қолайлы мүмкіндіктер, африкалық нарыққа қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу перспективалары, африкалық студенттерді ҚР жоғары оқу орындарында оқыту мүмкіндіктері бар», - деді Абенов зерттеу нәтижелерімен бөлісе отырып.
Атап айтқанда, QazTrade зерттеуі қазақстандық химия өнеркәсібі мен машина жасау өнімдерінің экспорты қолайлы бағыт болып табылатынын көрсетті. Африканың өз өндірісі жоқ екенін, ал өсіп келе жатқан агроөнеркәсіп кешені осы өнімді қажет ететінін ескере келе, Қазақстан Африка нарығына тыңайтқыштар мен минералдық шикізатты жеткізуді ретке келтіре алады. Сонымен қатар, африкалық елдердің басым көпшілігінің экономикаларының негізінде ауыл шаруашылығының үлесі негізгі бағыт болып табылады, ауыл шаруашылығы техникасы мен жинақтауыштарға деген қажеттілік ұдайы өсуде. Бұл жағдайда Павлодар трактор зауыты мен басқа да қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін іске қосуға болады. Сондай-ақ Африка елдерінің нарығында трансформаторлар, аккумуляторлар мен подшипниктер, сондай-ақ металлургиялық кешен өнімдері - ферроқорытпалар мен болат құбырлар сұранысқа ие болуы мүмкін.
Сонымен қатар, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері: ұн, жарма, май мен сары май, кондитерлік өнімдерді экспорттау мүмкіндіктері де бар.
Қызмет көрсету экспорты бөлігінде Қазақстан-Африка ынтымақтастығының маңызды бағыты ҚР оқу орындарында африкалық кадрларды даярлауға жәрдемдесу болуы мүмкін.
- 03.06.2020
- 372