• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаржы ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету

Құрметті отандастар!

Агенттік қызметінің басым бағыттарының бірі – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. 2020 жылдан бері Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп халықтың осы санаты үшін қаржылық қолжетімділіктің өсуін тежейтін кедергілерді анықтаудамыз. Жұмыс тобы да құрылды, оның жұмысы аясында Агенттік ҚҚҚ-мен бірлесіп қаржы ұйымдары үшін бірқатар құжаттарды әзірледі. Әдістемелік ұсынымдар осындай құжаттардың бірі болып табылады, ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың объектілер мен қаржылық қызметтерге толық әрі кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл ұсынымдар қаржылық инклюзияны арттырудағы әлемдік тәжірибе негізінде әзірленген және түрлі санаттағы:

  • көру қабілеті бұзылған;
  • есту және/немесе сөйлеу қабілеті бұзылған;
  • тірек-қимыл аппараты бұзылған;
  • менталды ауытқулары адамдарға арналған.

Ұсынымдар шеңберінде банкоматтар мен терминалдарды қажетті техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктермен жабдықтау, қаржы ұйымдарының фронт-офистері мен бөлімшелерінде қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсыну, коммуникациялардың түрлі арналарын пайдалану айқындалған.

Сондай-ақ, Агенттік әлемдік тәжірибе негізінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, қаржы ұйымдарына жіберді. Бұл, ең алдымен, ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптар – мобильдік қосымшалар мен сайттардың интерфейстерін адамдардың барлық санатының қажеттілігіне сәйкестендіру.

Шектеуші факторларды, сондай-ақ Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Үндістан, Австралия, ЕО және Ресейдің тәжірибесін талдай келе, Агенттік Қаржыгерлер қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында неғұрлым сұранысқа ие қаржылық қызметтерді анықтау үшін сауалнама іске қосылды. Алынған деректер негізінде сауалнамаларда көрсетілген қаржылық қызметтер мен өнімдер цифрландырылады.

Біз үшін қаржылық инклюзияның басым бағыттарының бірі идентификаттау мен бірдейлендірудің биометриялық және қашықтан қызмет көрсету әдістерін пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсетудің қашықтан қызмет көрсету тетіктерін дамыту болып табылады. Тамыз айынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін Агенттік Ұлттық Банкпен, Қаржыгерлер қауымдастығымен және қаржы ұйымдарымен бірлесе отырып, қаржылық қызметтер көрсетуге және биометриялық деректерді жинауға кедергі келтіретін шектеулерді анықтау және жою процесін бастайды. 2021 жылдың соңына дейін қаржы ұйымдарының мобильдік қосымшалары мен сайттарының барлық интерфейстері адамдардың барлық санатының қажеттіліктеріне сәйкес келтірілуге тиіс. 2021 жылғы күзде «Толығымен инклюзивті қаржы ұйымы» пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда. 

Әдістемелік ұсынымдарды енгізу шеңберінде Агенттік қоғамдық ұйымдармен бірлесіп қаржы ұйымдарының қызметкерлерін мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара жұмыс істеуге үйретуді қамтамасыз етеді. Қаржы нарығына арналған дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Осы санаттағы азаматтар үшін қашықтан қызмет көрсету арналарының қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Қорытындылай келе айтарым: Әдістемелік ұсынымдардың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және қаржылық қызметтер мен өнімдерді алу кезінде туындайтын проблемаларды шешу.

  • 28.06.2021
  • 289
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика