• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда жаңа қаржы құралы – «жасыл» облигациялар енгізіледі

Құрметті қазақстандықтар!

Қаржы реттеушісі жасыл экономиканы дамытуға жәрдемдеседі. Атап айтқанда, Агенттік қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті ынталандыру бойынша бірқатар шараларды қарастырды. Инвестицияларды тартуға арналған құралдардың бірі «жасыл» облигациялар болып табылады.

Нақтырақ айтамын: «жасыл» облигациялар – бұл борыштық бағалы қағаз, оның көмегімен компания экологиялық проблемаларды шешумен байланысты жобаларды іске асыру үшін қаражат тартады. «Жасыл» облигациялар арқылы қаржыландыру үшін «жасыл» жобаларды жіктеуді Қазақстан Республикасының Экология министрлігі әзірлейді және Үкімет бекітеді. Айналыс мерзімі, купонды төлеу кезеңділігі, айналыс, өтеу талаптарын және басқаларын эмитент «жасыл» облигацияларды шығару талаптарында көздейді.

Кез келген басқа бағалы қағаздар сияқты, «жасыл» облигацияны коммерциялық ұйымдар шығаруға құқылы. Шығарылым «Бағалы қағаздар рыногы туралы»                   ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Жасыл» облигациялар, басқа облигациялар сияқты, айналыс мерзімі бойынша әртүрлі, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, айырбасталатын немесе айырбасталмайтын болуы мүмкін. «Жасыл» облигацияларды орналастырудан алынған ақша қолда бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылуы мүмкін.

Эмитент «жасыл» облигацияларды орналастыру мерзімі ішінде қаржыландырылатын жобаның қоршаған ортаға әсері жөніндегі жыл сайынғы есепті жариялауға міндетті. Кірістілігі алдын ала белгіленген оқиғалардың басталуына байланысты болатын инвестициялық облигациялар - келесі бағалы қағаздар қалай жұмыс істейтіні туралы айтып беремін.

Инвестициялық облигациялар қор биржасының тізіміне енгізілуі немесе тиісті азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу арқылы алаңнан тыс орналастырылуы мүмкін. Бұл ретте, инвестициялық облигацияларды шығару уәкілетті органда - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Облигация бойынша кірістің белгілі бір көрсеткішке, индикаторға немесе индекске қосылуы белгілі бір нарықта мамандандырылған және ұзақ мерзімді болжамдар жасай алатын инвесторлар үшін тартымды. Екінші жағынан, бұл бағалы қағаз ол бойынша сыйақы төлеу шарттарын неғұрлым икемді етуге және осылайша эмитенттің нарықтық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Агенттік мемлекеттік тіркеу тәртібін, сондай-ақ инвестициялық және «жасыл» облигацияларды шығару, айналысқа шығару және өтеу тәртібіне қойылатын талаптарды көздейтін тиісті түзетулерді әзірлеуде. Осындай бағалы қағаздарды енгізуді ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуін ескере отырып, бұл қағаз әлеуетті эмитенттердің де, инвесторлардың да қызығушылығын тудырады деп ойлаймыз.

 

  • 01.07.2021
  • 297
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика