- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Елорданы газдандыру — Елбасының тарихи жобасы.
Газ өткізу қаланың экологиясына жағымды әсер етіп қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда газ тарату желілері Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Агрогородок елді-мекендерінде орналасқан үйлердің бір бөлігіне өткізілді.
Тұрғындарға тегін есептегіштер қарастырылған. Газ тарату желілерін салу жұмыстары Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жағы) елді-мекендерінде басталды. Көктал-1 және Железнодорожный елді-мекендерінде орналасқан әлеуметтік нысандарды газға биыл жазда қосамыз.
Сонымен бірге ЖЭО-1/2 газға ауыстыру жұмыстарын жүргіземіз.
Елорданы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.
- 08.06.2020
- 417