- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Өзбекстан Республикасынан шығатын тығыздығы жоғары бастапқы полиэтиленге қатысты демпингке қарсы тергеп-тексеруге қатысты
Осымен 2020 жылғы 27 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Өзбекстан Республикасынан шығатын тығыздығы жоғары бастапқы полиэтиленге қатысты демпингке қарсы тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаймыз.
ЕАЭО СЭҚ ТН 3901 20 900 9 кодымен жіктелетін Өзбекстан Республикасынан шығатын үлес салмағы 0,94 г/см3 және одан астам қатты бастапқы нысандардағы бастапқы полиэтилен тергеп-тексеру объектісі болып табылады.
Бұл ретте өзбекс тектес тығыздығы жоғары бастапқы полиэтиленге қатысты демпингке қарсы шара, әдетте, Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізетін тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы баж нысанында қолданылуы мүмкін.
Осыған байланысты, егер Өзбекстан Республикасынан әкелінетін тығыздығы жоғары бастапқы полиэтиленге қатысты демпингке қарсы шараны қолдану теріс салдарға әкеп соқтыруы мүмкін болса, аталған шикізатты тұтынатын қазақстандық кәсіпорындардан Министрлікпен келесі байланыс деректері бойынша хабарласуды сұраймыз: 74-36-87, 74-29-86, m.kobenov@mti.gov.kz, e.syzdykova@mti.gov.kz.
- 08.07.2021
- 183