- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
"КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ" ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ҚАР БАРЫСЫ ФОТОТҰЗАҚҚА ІЛІКТІ
«Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түсті. Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ "Қызыл кітапқа” енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген. Парк ақпаратына сүйенсек, аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақтылықты көрсетеді. Естеріңізге сала кетейін, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды. Фототұзақ - жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі болып табылады.
- 14.07.2021
- 264