• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда және интеграция министрлігі Өзбекстан мен Тәжікстанға қазақстандық өнімді экспорттау кезіндегі кедергілерді жою туралы айтты

Мәселен, өзбек тарапы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін өнімді әкелу кезінде бірқатар тауарларға акциздер қолданған, бұл өзара сауда көлеміне жақсы әсер еткен жоқ. Акцизделетін негізгі тауарлар автомобиль бензині, дизель отыны, мазуттар, мотор майлары, компрессорлық майлау майы, турбиналық майлау майы, кір жуғыш машиналардың бөліктері, кондитерлік өнімдер, ұн болды. Сыртқы сауда қызметін реттеудің мұндай шараларын Өзбекстан ТМД-ның еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы барлық елдерге бірдей қолданды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап Өзбекстан әкелінетін тауарларға қатысты акциздерді қолданбайды. 2021 жылғы қаңтар-сәуірде Өзбекстанға СЭҚ ТН 10 белгісінде 50,3 млн. долл. сомасына 85 тауар позициясы экспортталды, оларға импорттың акциздік салығы қолданылды. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде аталған тауарлар бойынша экспорт көлемі 28,9 млн. долл. құрады. Яғни, Өзбекстан импортқа акциздік салықты алып тастағаннан кейін Қазақстаннан Өзбекстанға акцизделетін тауарлар экспортының 74,3%-ға өскені байқалады. 2020 жылы кондитерлік өнімдердің экспорты 601,6 мың долларды құрады, ал 2021 жылы қаңтар-мамыр аралығында экспорт 964,2 мың долл. құрап, 60,3%-ға артты. Ұн экспорты 2020 жылы 25,3 мың долларды құрады, ал 2021 жылы қаңтар-мамыр аралығында экспорт 33,7 мың долларды құрап, 33,3%-ға артты. Сонымен бірге, Өзбекстанның Тауарлардың шығарылған елі туралы келісімді қолдануы мәселесі қалып отыр. ТМД ЕСА туралы Шартқа сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан 1993 жылғы ТМД-ның шығарылған елін айқындау қағидаларында айқындалған жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттарын орындау шарты кезінде өзара саудада импорттық кедендік баждарды қолданбайды. Қазақстандық тауарлардың барлығы 1993 жылғы қағидалардың жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес келе бермейтінін атап өткен жөн, тиісінше мұндай өнімге Өзбекстанда импорттық кедендік баж салығы қолданылады. Осыған байланысты, екі жақты алаңда Өзбекстанның 2009 жылғы ТМД қағидаларына қосылуы бойынша келіссөздер белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қазақстан өзбек тауарларын әкелу кезінде 1993 жылғы қағидаларды жауап ретінде қолданады. Тәжікстанмен қарым-қатынас ТМД шеңберіндегі келісімдерге, сондай-ақ бірқатар екі жақты келісімдерге негізделген. Бүгінгі күнге Тәжікстанның кеден органдары Қазақстаннан импортталатын кондитерлік өнімдерге ерекше тарифтер қолданады. Сауда және интеграция министрлігі жағдайды теңестіру үшін тәжік тарапымен келіссөздер жүргізетін болады. Сонымен қатар, 2021 жылғы наурызда Тәжікстанмен үкіметаралық комиссияда астық пен ұн тасымалдау тарифін төмендету мәселесі көтерілді, қазақстандық тарап 0,4 төмендету коэффициентін белгілеу туралы мәселеге бастамашылық жасады. Жалпы алғанда, қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуы кезіндегі кедергілерді жою – бұл ҮАК және жоғары деңгейдегі екі жақты келіссөздер шеңберіндегі тұрақты жұмыс екенін атап өту қажет.

  • 16.07.2021
  • 247
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика