• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бақыт Сұлтанов ДСҰ-ның балық аулауды субсидиялау мәселесі бойынша келіссөздерге қатысты

2021 жылғы 15 шілдеде, ДСҰ-ға мүше елдердің министрлері деңгейінде балық аулауды субсидиялау бойынша сауда келіссөздері жөніндегі комитеттің онлайн-отырысы өтті. Балық аулауды субсидиялауды реттеу мәселесі қоршаған ортаны сақтау және акваөсіруді кеңейту тұрғысынан маңызды болып табылады. Кездесу барысында балық аулауды субсидиялау қағидалары жөніндегі келісімнің жаңа шоғырландырылған мәтіні, сондай-ақ ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясына дейін консенсусқа қол жеткізу жолындағы одан арғы қадамдар талқыланды, оның барысында Қазақстан Республикасы төрағалық ететін болады. Балық аулауды субсидиялаудың жаңа қағидалары балық аулау субсидияларына және теңізде балық аулауға байланысты қызметтерге қолданылады деп күтілуде. Осылайша, ішкі су айдындарында жүзеге асырылатын акваөсіру мен балық аулауды дамытуға арналған субсидиялар шоғырландырылған мәтінді қамтудан алынып тасталды. Келісім жобасына сәйкес артық қуаттарды шамадан тыс аулауға және құруға ықпал ететін субсидияларға тыйым салынады. Алайда, егер мемлекет балық қорын биологиялық тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін балық аулауды басқару жөніндегі шараларды қолданса, әзірленген қағидалар қолдау бағдарламаларын сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заңсыз, тіркелмейтін және реттелмейтін балық аулауды (ЗТР-балық аулау) жүзеге асыратын кемелерді немесе операторларды субсидиялауға тыйым салуды енгізу көзделеді. Экономикалық аймақта және Дүниежүзілік мұхитта ЗТР-балық аулаудың төмендеуі балық қорының жай-күйінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Қорытындылай келе, Министр ағымдағы жылдың желтоқсан айында Женева қаласында өтетін 12-ші Министрлік конференциясына дейінгі келісім бойынша келіссөздердің аяқталуына және балық аулауды субсидиялаудың жаңа қағидаларын белгілеуді және балық аулауға зиянды субсидияларды қысқарту бойынша БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы әлемдік келісілген мақсатына қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық сауда жүйесі үшін елеулі нәтижелерге қол жеткізуге үміт білдірді. Келіссөздерге ДСҰ-ның барлық 164 мүшесі қатысады. Қазақстан Республикасы 2015 жылы ДСҰ-ның 162 толық құқықты мүшесі болды. ДСҰ-ның балық аулауды субсидиялау жөніндегі келіссөздері 2001 жылғы Доха раундының мандатынан және 2005 жылғы Гонконг Министрлер декларациясынан бастау алады. Содан бері айтарлықтай прогреске қол жеткізілген жоқ, бірақ 2015 жылы Тұрақты даму мақсаттарының қабылдануымен балық аулауды субсидиялау мәселесі бойынша келіссөздерге жаңа серпін берілді. 2021 жылғы наурызда ДСҰ-ның жаңа Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала биылғы жылы балық аулауға шамадан тыс субсидия беруге тыйым салу туралы ұзаққа созылған келіссөздерді аяқтауға ниетін білдірді.

  • 16.07.2021
  • 233
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика