• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу туралы

Сауда және интеграция министрлігіне 2020 жылдың басынан бастап 246 экспорттаушылардан жалпы сомасы 5 848 млн. тг болатын сервистік шығындарын өтеуге 500 өтінім түсті.

ВАК 6 отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 128,6 млн теңгеге 57 компаниядан 98 өтінім мақұлданды.

 

Шикізаттық емес сектордағы экспорттаушыларға шығындарды өтеу құралы алғаш рет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанында  2019 жылдың 2-тоқсанның соңында қолданылған. Алайда, бұл қағидалар кәсіпкерлік субъектілерін қамтуда шектеулерге, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу бойынша қиындықтарға ие болды.

2019-2020 жылдар ішінде Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларды субсидиялау Қағидаларына бір рет ғана өзгерістер енгізді – Шығындарды өтеу қағидаларының 2-ші пакеті - 2019 жылғы 16 қазанда қабылданды.

Анықтама.

Экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеудің 1-ші пакеті – «Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесі» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен қабылданды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде          2015 жылы 31 желтоқсанда № 12730 тіркелді.

Экспорттаушыларға шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларының 2-пакетімен мынадай өзгерістер қабылданды:

- авиа, теңіз көлігі өтеле бастады;

- құжаттар бойынша талаптар тізімі қысқартылды;

- тауарларды соңғы межелі пунктке дейін жеткізуге байланысты шығындар бойынша өтеу сомасының мөлшері 50%-ға дейін арттырылды;

- отандық өңделген тауарлардың тізбесі (қорғаныс өнеркәсіптік кешені) кеңейтілді және т.б.

Қағидаларды оңайлату сәтінен бастап мемлекеттік қолдаумен қамтылған экспорттаушы кәсіпкерлер саны 50-ден 139 субъектіге дейін артты.

Экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау экспорт географиясын және экспорттық тауарлардың номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алғаш рет қазақстандық аккумуляторлар Италияға, ал әскери мақсаттағы өнімдер Бангладешке экспортталды. Бұл жеткізілетін өнімнің өзіндік құнын 5-10%-ға төмендету арқылы мүмкін болды.

 

Қағидаларға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларын ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:

1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;

2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға арналған шығындар;

3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеу, шет тілдеріне аудару және басып шығаруға байланысты шығындар;

4) шетелдердегі филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын және қойманы ұстауға арналған шығындар;

5) шетелде тауар белгілерін (брендті) тіркеуге байланысты; электрондық-сауда алаңдарында рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;

6) ұйымның стандарттарын қоса алғанда, тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі рәсімдеріне немесе шарттардың талаптарына немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа да құжаттар);

7) тауарларды темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігімен жеткізуге байланысты және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі шығындар.

  • 16.06.2020
  • 438
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика