- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Жалған сертификаттар үшін тәртіп бұзушыларға 10 милл. теңге айыппұл салынады
Сауда министрлігі жалған сертификаттарға «күрес» жариялады
ҚР Сауда және интеграция министрлігі құрылған күннен бастап тура бір жыл болды және осындай уақыттан кейін біздің «не істелді? «әрі қарай не істейміз?» деген сұрақ қоюға құқымыз бар. Министрлікте қызмет бағыттары өте көп, бірақ техникалық реттеу мәселелері ісжүзінде республика экономикасының барлық салаларын қозғайды және ерекше назар аударуға тұрарлықтай.
Сондықтан саладағы жаңалықтар туралы айту маңызды. Өйткені 2020 жылдың негізгі жобасы жалпы сауда саласындағы «Техникалық реттеу туралы» Заң және оған ілеспе заң жобасы болып табылады.10 жыл бұрын қабылданған заң, әрине, ескірген. Техникалық реттеу жүйесінде уақыт жаңа қағидаларды талап етеді. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, Орталық Азия елдерімен, Қытаймен және Шығыста сауда көлемін ұлғайту амбициясы өз нарығын сапасыз өнімдерден қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар отандық бизнесті жаңа қағидалар бойынша саудалауға бағытталуы үшін де өзекті түзетулерді талап етеді. Сондықтан бұл қазақстандық экспорттаушылар пайдалануы тиіс мүмкіндіктерді дамытуда жаңа орамды «іске қосуға» көмектеседі. Олар әлемдегі нарықтардағы көлемдердің, пайданың және беделдің жаңа деңгейіне шыға алады. Әрине, егер біз «кіргіміз» келетін елдердің талаптары сақталған жағдайда. Осылайша нарықтар ашылады.
Біздің елімізде сапалы брендтер мен қызметтердің пайда болуына немесе келмеуіне Техникалық реттеу саласының жай-күйі мен деңгейі әсер етеді. Алғаш рет Мемлекет басшысы – Елбасы 2018 жылы өз Жолдауында саланы қайта құру қажеттілігі туралы айтты. Ол "Қазақстанда халықты сапасыз және денсаулығы мен өміріне қауіпті тауарлар мен қызметтерден қорғау бойынша тұтас саясат жоқ" деп қысқаша айтып кеткен болатын.
Салада жұмыс істейтіндердің барлығы техникалық реттеу туралы заңнама бүгінгі уақыттың ақиқатына сәйкес келмейді және бұл өнім сапасының, ұлттық стандарттарға беделінің жоғалуына және сертификаттаудың ұлттық жүйесінің құлдырауына әкеп соқтыратынын объективті түрде түсінеді.
Техникалық реттеу саласы - өте маңызды және өте күрделі «өріс». Мұнда тәртіп орнатпай, біз еліміздің ішкі нарығында тауарларды сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз.
Осыған байланысты, биылғы жылдың басында кеңейтілген отырыста Президент Үкіметке техникалық реттеу туралы заңды жаңа редакцияда әзірлеуді және оны ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Саланың жаһандық проблемасы «көлеңкелі» сәйкестік сертификаттары болып табылады. Тек 2020 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында 21-ші ресейлік сертификат анықталып, оның қолданылуы тоқтатылды. Бізде «жалған» құжаттармен сәйкестіктің пайда болуының жолы кесіледі. Бұдан басқа, өзіміздің 6428 «көлеңкелі» қазақстандық сертификаттары анықталып, қайтарып алынды. Нәтижесінде 10 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Тәртіп бұзушылықтар құрылыс материалдарына (цемент, кабель, құрғақ құрылыс қоспалары), тамақ өнеркәсібінде (дайын түрдегі және жартылай фабрикаттар түріндегі тамақ өнімдері), химия өнеркәсібінде (сабын және жуғыш заттар), жиһаз бен ойыншықтарға арналған сертификаттарды беру кезінде қозғалды.
Нәтижесінде 7 аккредиттеу аттестаты тоқтатылды, 21 сарапшы-аудиторларды аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынды. Және бұл тек «көлеңкелі» айсбергтің беті.
Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы - ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің және қазақстандықтардың өмір сүру сапасының маңызды аспектілерінің бірі екенін атай отырып, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов:
- Сондықтан Сауда министрлігі құрамына Техникалық реттеу және метрология комитеті кіретін ведомство ретінде сапалы сауданың өсу индикаторларының бірі сатылатын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысты таңдады - деп атап өтті.
Өкінішке орай, қазір біздің нарықта ол тіпті пайдалануға қауіп тудыруы мүмкін өнімді кездестіруге болады. Себебі, заңнаманың жетілдірілмегендігі барлық сертификаттау процесінің шынайылығы мен анықтылығының болмауына алып келді, соның салдарынан нарықта сынақтармен расталмаған сертификаттардың пайда болуына жол ашты.
Біз осындай көлеңкелі схемаларға «күрес» жарияладық.
Сондықтан жүйе түбегейлі өзгерістерді күтуде. Қазіргі таңда барлық қажетті нормашығармашылық жұмыстар жүргізілді. Жаңа заң жобалары өнімге, процестер мен қызметтерге қатысты жаңа, қатаң саясатты қалыптастырып қана қоймай, ерікті саладағы кәсіпкерлер үшін ойын қағидаларын белгілейді.
«Еріктілік» жазасыздықты білдіреді деп ойлайтындарға түсіндіреміз.
Қазақстан нарығындағы барлық айналымдағы өнім міндетті талаптарға жатады. Оның 55%-ы ЕАЭО талаптарына сай, 15%-ы ұлттық заңнама талаптарына сай және шамамен 30%-ының қауіпсіздік талаптары жоқ. Бірақ ЕАЭО-ның жалпы қауіпсіздігі бойынша қабылданған Келісім ЕАЭО-ға қатысушы елдердің аумақтарында мұндай өнімнің айналым қағидаларын белгілеуді көздейді. Заң жобасында бұл декларациялау арқылы көзделген. Яғни, өндіруші (импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы) жалпы қауіпсіздік туралы декларацияны шығарумен оның қауіпсіздігін ерікті түрде растайды. Демек, қауіп-қатерді өз мойнына алады: егер өнім зиян келтірсе, онда декларация - өндірушінің/импорттаушының/сатушының автоматты жауапкершілігінің кепілі.
Сәйкестікті бағалау мәселелері (әсіресе "көлеңкелі" сертификаттармен күресу бөлігінде) бизнестің үлкен қызығушылығын тудырды.
Болашақта «қолдан жасаудың» пайда болуын болдырмау үшін заңға сертификаттау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына: меншік құқығында (немесе өзге заңды негізде) сынақ базасы мен зертханалық жабдығы болуға қойылатын талаптар енгізілген. Бұл зерттеулер мен сынамаларсыз - «жаллған» сертификаттарының пайда болуына жол бермейді. Сонымен бірге зертханалар мен сертификаттау органдарының жауапкершілігі артады.
Және ең маңыздысы - субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшу, яғни өнімнің өзінің сапасын бақылау басталады. Өнім үлгілерін іріктеу, оны жедел алып қою (егер, мысалы, бұл контрафактілік өнім немесе оның қауіпсіз еместігі анықталса) және жою рәсімі енгізіледі. Сондықтан жаңа заң жобасында бұл норма Еуроодақтың тәжірибесі бойынша жазылған. Егер ескі заңда бұл ереже біршама айқын болса, онда бұл жағдайда отандық нарықтың сапасыз және контрафактілі өнімнен тосқауыл қою шаралары орын алады.
Қазіргі таңда «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауында және маусым айының соңында Парламент Мәжілісіне тапсырылатын болады деп жоспарлануда. 2020 жылдың соңына дейін заң жобасы қабылданып, күшіне енеді деген барлық негіз бар.
- 18.06.2020
- 393