- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Эпидемия ахуалы жіті бақылауымызда, жедел штаб жұмыс істеуде.
Науқастарды емдеуге арналған 2196 төсек орын дайын. Ахуал күрделінген жағдайда төсек орындар санын бес мыңға дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Дәрі-дәрмек қоры, залалсыздандыру құралдары және медициналық жабдықтар жеткілікті.
45 вакцина егу бекеттері қызмет етуде. Қосымша 25 жылжымалы егу бекеттері бар.
Мұның барлығы дерттен сақтану үшін істеліп отыр. Енжарлықпен жүре берсек, инфекцияның таралуына себепші боламыз. Қазірдің өзінде автобуста не базарда болсын, бетперде тақпай жүргендер көп. Антисептикті мүлде қолданбайтындар бар. Жақыныңа деген жанашырлық өз денсаулығыңды күтуден басталады. Осыны естен мүлде шығармауымыз керек.
- 22.07.2021
- 303