• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаламыз жасанды интеллект әлеміне алғашқы қадамын жасады.

Бұл бағыттағы жоспарларымыз ауқымды.
Қазір қала көшелеріне 2500-ге жуық бейнебақылау камералары қойылған. Биыл қосымша 3700 камера орнату жоспарланған. Оның ішінде 1500 данасы тұрғын үй аулалары мен қоғамдық орындарға қойылады.

Көздегеніміз – айыппұл салу емес. Мақсат – өмір сапасын жақсарту үшін технологиялар мүмкіндігін қолдану. Камералар ең алдымен қала қауіпсіздігі үшін қызмет етеді.
Тәртіп орныққан жерде өркендеу болады. Жол қауіпсіздігін сақтауға, ортақ мүлкіміздің қорғалуына, айналамыздың таза болуына, көгалды ресурсымызды қадағалауға мүмкіндік береді.

Құқықбұзушылықтың кез келген түріне «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті орнықтыруға ықпал етеді.
Технологиялық құрылғылар қала тіршілігін тиімді ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Транспорттық кептелістерді дер кезінде реттеп отыруға, қоғамдық көліктер қозғалысы мен бағдаршамдар қызметін автоматтандыруға жәрдемдеседі.

Алдағы уақытта қаламыздағы барлық цифрлы технологиялар бір арнаға интеграцияланып, қаланың электронды маршруттық картасы, интеллектуалды көлік жүйесі, қала инфрақұрылымының автоматтандырылған кешені, білім беру ұйымдарының технологиялық қауіпсіздік жүйелері, жасыл желек қорының электронды базасы қалыптасады, қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларының тазалығы тәулік бойы бақылауға алынады.
Цифрлы технологияларды қолдану – дәуір талабы. Қазірдің өзінде бірқатар елдерде интеллектуалды камералардың көмегімен азаматтардың психологиялық көңіл-күйі өлшенеді. Көмекке зәру адамдарға мамандар көмегі дер кезінде жетеді. Азаматтарға осындай мүмкіндіктер жасау – саладағы жұмыстың бағдары болуы тиіс.

Бес жылдық даму жоспарымызда «Шымкент – тұрғындарға қолайлы қала» идеясын жүзеге асыруды белгіледік. Ол үшін цифрлы технологияларды тұрмысымызға кезең-кезеңімен енгізетін боламыз.

  • 22.07.2021
  • 347
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика