- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Комитеттің 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары туралы
Техникалық реттеу және метрология комитеті білім беру және медицина мекемелерінде, өнеркәсіптік өндірістерде және сынақ зертханаларында «стандартты емес» өлшеу құралдарын қолданудың көптеген жағдайларын анықтады. Сәйкестікті бағалау процедураларының бұзылуы жеке қорғаныш құралдарын, автохимияны және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сертификаттау кезінде анықталды. Осылайша жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында департаменттер мемлекеттік білім беру мекемелерінен бұзушылықтарды –салыстырып тексеруден өтпеген ӨҚ (өлшеу құралдары - тонометр, таразы, ростомер, термометр) қолданылғанын анықтады, бұл «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабын бұзу болып табылады. Сондай-ақ медициналық орталықтарда салыстырып тексеруден өтпеген ӨҚ (қан қысымын өлшеуге арналған аспап, Мөлшерлегіш, Биохимиялық автоматты анализатор, жанаспайтын инфрақызыл термометрлер) қолданылған, бұл «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабын бұзу болып табылады. Мұндай өлшем құралдарын салыстырып тексерусіз қолдану өлшеуде бұрыс нәтижелер беруі және ауруға бұрыс диагноз қоюға әкелуі мүмкін. Өндірісте өнімнің 022/2011 «Тамақ өнімдерін таңбалау» Кеден одағы техникалық регламентінің таңбалау бөлігіндегі талаптарына сәйкес келмеуі сияқты бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын, автохимияны және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сертификаттау кезінде сәйкестікті бағалау рәсімдерінің бұзушылықтары анықталды. Сонымен қатар аккредиттеу субъектілері жол берген мынадай бұзушылық мысалдары бар: - өнімді сынау толық көлемде жүргізілмейді; - сынақтар жүргізу кезінде алынған нақты нәтижелер келтірілмейді; - дайындаушының толық орналасқан жері көрсетілмейді. - кейбір қолданылатын ГОСТ-тар «Сипаттамаларды (көрсеткіштерді) анықтауға арналған сынақ әдістеріне қатысты нормативтік құжаттарды белгілеу» бағанында Сынақ орталығын аккредиттеу саласында жоқ. - Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласындағы «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды» бағанында жоқ СЭҚ ТН кодтары қолданылады; - Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмайтын ГОСТ-тар қолданылады. Осы фактілер «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларын бұзу болып табылады және техникалық регламенттердің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімге сәйкестікті растау жөніндегі күңгірт құжаттарды беруге әкеп соғуы мүмкін. Комитет техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімді, атап айтқанда салқындатқыш сұйықтықты сатқаны үшін сатушыларды жауапкершілікке тартты. Осы фактілер «Техникалық реттеу туралы» Заңның 35-бабын бұзу болып табылады. Сондай-ақ аталған өнімдердің дайындаушылары мен импорттаушыларына шара қолданылады. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп төндіреді. 2021 жылдың 6 айында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменттері 191 тексеру жүргізді, оның ішінде 85 – жоспардан тыс тексеру, 83 - бару арқылы профилактикалық бақылау, 21 - басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексеру. Барлығы 109 объектіде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер бойынша – 25, бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша – 70, басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулер бойынша – 14. 91 ұйғарым берілді және 34 551 555 теңге сомасына айыппұл салынды. Жұмыс барысында Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкессіздіктердің анықталуына байланысты ЕАЭО мүше елдер берген сәйкестікті растау туралы 104 сертификат пен декларацияның күші жойылды (техникалық регламенттердің бұзылуына байланысты бұйрықпен күші жойылды). Сонымен қатар 5 «күңгірт» (жалған) сертификат анықталып, олардың күші жойылды. Комитет өнімнің қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтті және «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Заңның жаңа редакциясымен үлгілерді іріктеу және зертханалық зерттеулерге жіберу арқылы жүзеге асырылатын өнімді бақылау мен қадағалаудың жаңа тетігі енгізіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, оны айналымға шығаруға тыйым салу түрінде, ал қауіпті өнімге қатысты оны оны иелену құқығынан айыра отырып алып қою және бұдан әрі оны сот арқылы жою арқылы жедел ден қою шаралары қабылданатын болады. Сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы» жаңа Заңда әкелінетін өнім бойынша мәліметтерді (көлемдері, СЭҚ қатысушылар бойынша деректер, сәйкестікті бағалаудан өткені туралы мәліметтер және т.б.) жедел алмасу және қадағалау, тұтынушыларды анықталған қауіпті өнім туралы хабардар ету үшін техникалық реттеудің бірыңғай ақпараттық жүйесін (электрондық деректер базасы) жетілдіру көзделген. Деректер ұсыну және өнім туралы ақпарат алмасу халық үшін шектелген қолжетімділікпен және уәкілетті мемлекеттік және бақылаушы органдар (мемлекеттік кірістер, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу, ауыл шаруашылығы және т.б. органдар) үшін барынша кең қолжетімділік мүмкіндігімен Интернет арқылы жүзеге асырылатын болады, осылайша күңгірт импортқа, күңгірт сертификаттауға кедергі қойылады.
Құрметпен, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі
Тел. 87082974908, Розалия Аубакирова, ҚР СИМ ТРМК баспасөз хатшысы
- 28.07.2021
- 265