- Блогтар
- Теміржанов М.Б.
Теміржанов М.Б.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы тағайындалды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Е. Қарашөкеевтің бұйрығымен АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М. Теміржанов Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Аталмыш заң жердің пайдаланылуы мен қорғалуы бағытындағы мемлекеттік бақылау функцияларын Астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелерін құра отырып, орталық уәкілетті органның құзіретіне қайтаруды көздейді.
- 28.07.2021
- 308