• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның барлық мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет - бұл қиын еңбек. Бірақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді және жанкешті жұмысының арқасында табысты мемлекет құрылады. Отанымыз үшін жұмыс істеу ниетін, Қазақстанды қазіргі заманғы, табысты және қауіпсіз мемлекет ретінде жасауға ұмтылысын бүгінде жастар мемлекеттік қызметке алып келеді. Олар мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қатаң конкурстан өтіп, өздерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын үнемі арттырып, мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Бүгінде Сауда және интеграция министрлігінде 182 адам жұмыс істейді. СИМ қызметкерлерінің орташа жасы 35 жастан төмен. Бірақ осыдан тура бір жыл бұрын, мен үшін ғана емес, елімізде алғаш рет құрылған толыққанды сауда ведомствосының қалыптасу күндері кадрларды іріктеуде қиын міндет тұрды. Бірақ мен сол кезде де, қазір де басқарушылардың негізін ішінен өсіру керек екеніне сенімдімін. Сондықтан вице-министрлер лауазымына кешегі жас, бірақ тәжірибелі және келіссөздер мен заң жобалары «шайқастарына қатысқан» департамент директорлары ұсынылды. Ал олардың орнына олардың орынбасарлары мен басқарма басшылары қадамдарын басты.

Мұндай шешімдерді қабылдай отырып, оларды өз тәжірибемнің тұғырынан бағалауға мүмкіндігім бар. 26 жыл бұрын студенттік партадан жас маман ретінде келіп, туған Қаржы министрлігінде министр креслосына дейін 19 жыл ішінде қадамдап жете алдым. Бұл тек альма-матердің білімі мен дағдыларына байланысты ғана емес, сондай-ақ менің өмірлік жолымда болған басшылардың даналығы арқасында мүмкін болды. Олар тек өздері табысты болып қана қоймай, жастардың дамуына көмектесіп, олардың өсуі мен жаксы идеяларын жүзеге асуына жол ашты.

Және, әрине, менің тағдырымда, біздің Тұңғыш Президентіміз - Елбасымен байланысты атауы мақтанышпен айтылатын солтүстік астанаға көшуге бетбұрыс болды. Ол бастамашылық еткен 90-шы және жаңа ғасырдың алғашқы декадаларында реформалары мыңдаған жас және талантты қазақстандықтардың Отан мен халқына қызмет етуіне серпін берді. Оның үнемі назары жастардың өсуіне мені де назардан тыс қалдырған жоқ. Мен үшін 2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін басқару ұсынысы үлкен тосын және үлкен аванс болды.

Мен бұл мысалдарды мансабымен мақтану үшін емес келтіріп едім. Ол ушін Елбасына және мемлекет басшылығына сенім білдіргендері үшін тағы да алғыс айтамын.

Біздің мемлекеттік қызметшілердің жетістігі арқылы халықтың жаңадан бастаған топтарындағы шынайы патриотизмді, кәсібилікті және мақсаткерлікті тәрбиелеу жолдарын іздеу керек деп санаймын.

Қатаңдық пен жауапкершілік, әрине, дамудың ажырамас бөлігі. Алайда тәрбиеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы риторика ғана басым болмауы керек.

Біз қызметшілердің "когортасын" құрмет пен сұраныстың барлық элементтері бар кешенді түрде тәрбиелеуіміз қажет.

Әдетте бұл мерекеде барлық мемлекеттік органдарда салтанатты жиналыстар өткізіліп, бір-бірін құттықтайды. Пандемия жылы, өкінішке орай, онлайн тойлауға тура келеді.

Алайда, Сауда және интеграция министрлігінің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне наградалар табыс етілді.

Көп жылғы мінсіз мемлекеттік қызметі үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің арнайы комиссиясының шешімімен ҚР СИМ Әдеп жөніндегі уәкіл Бауыржан Әметаев "Үздік мемлекеттік қызметші" төс белгісіне ие болды.

Министрліктің 11 қызметкері Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен кәсібилігін дамыту мәселелері бойынша Министрлік қызметіне қосқан қомақты үлесі үшін Академия проректоры Еркін Дусиповқа Алғыс хат жолданды.

Және те бүгін Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні ғана емес, Полиция күні де тойлануда. Біз "Министрліктер үйі" ғимаратында қызметке тартылған полиция полкінің қызметкерлерін құттықтаймыз. Мереке құрметіне біз полктің 8 қызметкерін Алғыс хаттармен марапаттау туралы шешім қабылдадық.

Барлық мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтаймын!

Баршаңызға Отанымыздың игілігі үшін қиын еңбекте табыстар тілеймін.

Барлық қазақстандықтарға амандық пен әл-ауқат тілеймін!

  • 23.06.2020
  • 588
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика