• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Қызылорда облысына екі күндік іссапарын бастады. Ең алдымен құрғақшылықтан зардап шегіп, төтенше жағдай жарияланған Арал ауданына ат басын бұрып, жергілікті халықпен және шаруашылық басшыларымен кездесті. Онда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге тоқталып, аймақтағы мал азығы мәселесінің шешілу жолдарын пысықтады.

Министрдің міндетін атқарушы мал азығымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді жылдам үйлестіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан Республикалық жедел штаб құрылғанын айта келіп, министрліктің бастамасымен Үкімет деңгейінде іске асырылатын шараларды атады.

«Біріншіден, Үкімет резервінен Қызылорда облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың қыстағына жеткізілетін мал азығының құнын арзандату үшін өткен аптада 1,7 млрд теңге бөлінді. Қазір осы қаражатты барлық шаруа қожалықтарына тамыз айының ішінде жеткізу қажет. Екіншіден, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 490 тонна арпаны нарықтағыдан төмен бағамен сатты. Жалпы биыл жемдік астық қорын 370 мың тоннаға жеткізу жоспарымызда бар. Үшіншіден, фермерлердің жем-шөп дайындауына қосымша арзандатылған жанар-жағармай бөлінетін болды. Қазір энергетика министрлігімен барлық мәселелер пысықталды. Тамыз айынан бастап облыстарға сұратылған лимиттері бойынша жеткізілетін болады. Қызылорда облысына 3,8 мың тонна лимит бөлінді», - деді Е.Қарашөкеев

Министрлік басшысының айтуынша, Экология министрлігімен табиғи резерват жерлеріне мал жаю және шөп шабу жөнінде келісім жасалды. Осыған байланысты қорықтар жерінен шөп шабу және мал жаю мәселесі шешілді. Сонымен қатар, қазіргі жағдайға байланысты фермерлерге қолдау көрсету үшін мал шаруашылығын дамытуға алған несие төлемдерін кейінге шегеру жөнінде шаралар қабылданады.

«Бұдан бөлек, министрлік тарапынан жақында мал шаруашылығын субсидиялау ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес облыс бойынша былтырғы жылы мал азығына субсидия ала алмай қалған шаруа қожалықтарының резервтегі өтінімдері қанағаттандырылатын болды. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 390 млн тг қаражат та бөлінген. Осы мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы тез арада шешім қабылдауы қажет. Содан кейін, басқа өңірлерден мал азығын тасымалдауға темір жол тарифіне арнайы жеңілдіктер беру бойынша Қазақстан темір жолы компаниясының шешімі шықты», - деді министрдің міндетін атқарушы.

Тағы бір айта кететін жайт, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» холдингі бірлесіп қосымша мал азығын дайындайтын техника сатып алуды қаржыландыру және суармалы жерді игеруге қажет құрылғыларды сатып алуға несие беру мәселесін де қарастыратын болады.

Е.Қарашөкеевтің айтуынша, жалпы Қызылорда облысы бойынша мал азығымен қамтамасыз ету үшін ішкі мүмкіндікті толық пайдаланып жағдайды шешуге болады. «Аудандар бойынша, елді мекендерде шөп шабу бригадаларын құру қажет. Осы екі күн ішінде барлық ауданның жағдаймен танысып жедел шешуді қажет ететін мәселелерді саралайтын боламыз», - деді Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы.

Келесі күні Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарын аралап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі. Олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, өтініш-тілектерін де тыңдайды.

Айта кетейік, биыл наурыз-сәуір айларында еліміздің оңтүстігі мен батыс облыстарының басым бөлігінде көктемгі жауын-шашын нормадан аз түсіп, ауа температурасы жоғары болғаны белгілі. Соның салдарынан ұзақ жылдан бері болмаған құрғақшылық мал шаруашылығына ауыр тиді.
 

  • 30.07.2021
  • 270
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика