- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстандық компаниялар Татарстан нарығын игеруде
кәсіпкерлерінің B2B кездесулері өтті. Нәтижесінде екіжақты келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылды. Бизнес миссиясы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің жәрдемімен ұйымдастырылды. Форум «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021» XII Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысы аясында өтті. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Татарстан Республикасының негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Сондай-ақ, тауар айналымын арттырудың үлкен әлеуеті бар. - Өткен жылы Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 500 млн АҚШ долларынан асты. Бұл ретте, екі Республика тауар айналымының көлемін жылына 1 млрд долларға дейін жеткізуге мүдделі. Ағымдағы жылы елдеріміз тауар айналымын ұлғайтып, ұлғайта алатынына сенімдіміз, - деп атап өтті Төребаев. Бұл ретте, ол елдерге «шикізатты экспорттауды ғана емес, терең өңдеуге көшуді және дайын өнімді экспорттауды» ұсынды. - Шекара маңындағы сауданы дамыту - елдердің тауар айналымын арттырудың негізгі драйвері. Еуразиялық экономикалық одақта біз шекаралық өңірлік ынтымақтастықты тек сауда тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ әртүрлі салаларда бірлескен өндірістік жобаларды құру мүмкіндігі ретінде қарастырамыз, - деп түсіндірді Қайрат Төребаев форум аясында. Қазақстандық бизнес-делегацияға мұнай-химия, электр машина жасау, машина жасау, құбыр өндірісі, тамақ өнеркәсібі және т. б. салаларда жұмыс істейтін 20 компания қатысты. Олардың барлығы өз өнімдерін «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021» XII Халықаралық экономикалық саммитінің көрмесінде ұсынды. Қазақстан павильонын Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов қарап шықты. Қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктерін Республика Президентіне ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен QazTrade компаниясы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров таныстырды. - Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар отандық өндірушілерге жаңа сатып алушылар табуға және қазіргі серіктестерімен олардың көлемін арттыруға көмектеседі. Бұл ретте, компания ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, қол жеткізілген жетістіктермен тоқтамайды. Ағымдағы жылы біз алдымызға отандық өнімді шетелдік нарықтарға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге және экспорттаушыларды жан-жақты қолдауға бағытталған өршіл міндеттер қоямыз, - деді QazTrade компаниясы Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров. Көрме және бизнес-форум шеңберінде әрбір қазақстандық компанияның өкілі РФ-нің әлеуетті бизнес-серіктестерімен кемінде бес кездесу өткізді. Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде «Қазан» Агроөнеркәсіптік паркіне (көтерме-бөлшек сауданы, өндірісті және Кросс-докингті қамтитын кешен) және Зеленодол ауданына (ауданда ірі логистикалық хабтар шоғырланған) көшпелі кездесулер өткізілді. Сауда-экономикалық миссияның қорытындысы бойынша 15 млн. АҚШ долларынан астам сомаға электр техникалық өнімдерді, сүт өнімдерін, макарон өнімдерін, тұз және полипропилен өнімдерін жеткізуге бірқатар келісімшарттарға қол қойылды.. Бұдан басқа, басқа да қазақстандық өндірушілер қазақстандық өнімді жеткізуге арналған шарттарды талқылауда. Ағымдағы жылдың соңына дейін шарттардың жоспарланған сомасы шамамен 30 млн.АҚШ долларын құрайды. - Қазақстанның басқа мемлекеттердегі сауда-экономикалық миссиялары - В2В ынтымақтастықты жолға қоюдың және елдердің бизнес - өзара іс-қимылын арттырудың пәрменді құралдарының бірі, - деп түсіндірді ҚР-дағы экспортты қолдау жөніндегі бірыңғай оператор - QazTrade компаниясының Бас директоры Азамат Асқарұлы. Асқарұлының айтуынша, барлық сауда-экономикалық миссиялар (СЭМ) нарықтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстармен алдын ала жоспарланған. Сондай-ақ, тауарлар экспортын арттыру үшін әлеуетті тізбе қалыптастырылады және «жергілікті кәсіпкерлер қауымдастықтары тығыз ынтымақтастықта қазақстандық әріптестермен кооперация мен саудаға мүдделі болуы мүмкін компанияларды іріктейді және кездесулерге шақырады». - Біздің экспорттаушыларымыздың сауда миссиялары құрамында кез келген сапары алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл екі елдің кәсіпкерлері бір-бірімен жай танысып қана қоймай, ықтимал ынтымақтастықтың ерекшеліктерін талқылаулары үшін бірден кездесулер жасаулары үшін қажет, - деп атап өтті QazTrade басшысы. Қазанда өткізілген СЭМ ҚР-дың жыл басынан бергі төртінші сауда-экономикалық миссиясына айналды. Экспорттаушыларды сервистік қолдау аясында экспортты қолдау және дамыту үшін QazTrade компаниясы Тәжікстанда (Душанбе), РФ (Екатеринбург), Өзбекстанда (Ташкент) бизнес-форумдар мен В2В кездесулерді ұйымдастырды. Сондай-ақ, Армян және Тәжік бизнес-қауымдастықтарымен онлайн бизнес-форумдар өтті. Бұл кездесулерге жалпы алғанда 100-ден астам қазақстандық экспорттаушы компаниялар қатысты. Жыл басынан бері қол қойылған келісімшарттардың көлемі (қазандағы кездесудің қорытындысын есептемегенде) 70 миллион доллардан асты. Бірқатар келісімшарттар жыл соңына дейін қол қою үшін дайындалуда. Анықтама: Татарстан Республикасы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша дәстүрлі түрде Ресей Федерациясының көшбасшы өңірлерінің қатарына кіреді. Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша Республика РФ субъектілері арасында 6-орынды, ауыл шаруашылығы бойынша – 4-орынды, өнеркәсіптік өндіріс, құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша – 5-орынды, негізгі капиталға инвестициялар бойынша-6 – орынды, бөлшек сауда айналымы бойынша – 7-орынды иеленеді. 163 ел Татарстан Республикасының сауда серіктестері болып табылады. Қазақстан Татарстан Республикасының тауар айналымы көлемі бойынша 7-ші орында (2019 жыл). 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстанның арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 489,6 млн. АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға жоғары (478,6 млн. АҚШ). Бұл ретте, 2021 жылғы қаңтар-мамырда өзара сауда көлемі 168,1 млн. АҚШ долларынан асты. Қазақстаннан Татарстанға экспорт осы кезеңде 4,2 есеге өсіп, 15,3 млн. АҚШ долларын құрады. Татарстанға қазақстандық экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: сары май, пропилен полимерлері, электр аккумуляторлары, легирленбеген болаттан жасалған ыстықтай тапталған жазық илек, дәрілік заттар, тұрмыстық және жылыту аспаптары. Қазақстан Республикасындағы экспорттың негізгі тауарлары: мұнай өнімдері, инсектицидтер мен гербицидтер, этилен полимерлері, эпоксидті шайырлар мен шиналар. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-мамырда 8,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 26,2%-ға жоғары, 2021 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстаннан Ресейге экспорт 40,3%-ға өсіп, 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады.
- 30.07.2021
- 226