• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ШОБ үшін төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру жөніндегі шараларды іске асыру туралы

Құрметті қазақстандықтар!

2021 жылғы 1 сәуірде Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Ұлттық Банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыруға 592 қарыз алушы-ШОБ субъектісінің өтінімі келіп түсті, оның ішінде 547 субъект 9,3 млрд теңге сомаға төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін алды. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарына 129 ШОБ субъектісі төлемді кейінге қалдыруға өтінім берді, оның 95 субъектісіне 102,1 млн теңге сомаға төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді.

Қарыздар бойынша төлемдердің төлеу мерзімін кейінге қалдыру тәртібі ШОБ субъектілеріне, оның ішінде ДК-ге 2021 жылғы 1 сәуірге дейін  берілген кредиттер бойынша 2021 жылғы 1 сәуір – 30 маусым аралығындағы кезеңде төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін беруді көздейтінін назарға саламыз. Кәсіпкерлік субъектілерінің санатына қарай төлеу мерзімін кейінге қалдырудың сараланған тәртібі көзделген. Кейінге қалдыру мерзімі ШОБ субъектісінің қалауы бойынша 30 күннен 91 күнге дейінгі мерзімді құрады.

ШОБ субъектісінің қалауына қарыз бойынша төлемдердің үш баламалы  кестесі ұсынылды: кейінге қалдырылған төлемдерді қарыз мерзімінің соңына дейін біркелкі бөлу түрінде, қарыз мерзімін кейінге қалдыру кезеңіне ұлғайту түрінде не қарыз алушының таңдауы бойынша төлемдердің өзге кестесі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ субъектілерінің қолданыстағы барлық кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6%-ға дейін субсидиялау тетігі шеңберінде 4 мың ШОБ субъектісіне 21,2 млрд теңгеге көмек көрсетілді. Бұдан басқа, банктер бизнес субъектілерімен бірлесіп, 2021 жылдың басынан бері 114 ШОБ субъектісіне 4 млрд теңге сомасында берілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекті қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жүргізді. Сонымен бірге «Айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы – 2025» жұмыс істейді.

2020 жылы ТЖ және карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты халыққа және ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету үшін 16 наурыз және 1 қазан аралығындағы кезеңде алғаш рет банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша  төлемдерді кейінге қалдыру шарасы іске асырылғанын атап өткен жөн. Осы қолдау шарасының нәтижесінде экономиканың 12 саласы және экономикалық қызметтің 346 түрі қамтылды. Көрсетілген кезеңде кредиттер бойынша 3 айдан 6,5 айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру құқығын 209 млрд теңге сомаға 12,5 мың ШОБ субъектісі пайдаланды.

Бұл шаралардың барлығы көптеген ШОБ субъектілеріне борыш жүктемесін қолайлы деңгейге дейін төмендетуге, босаған қаражатты ағымдағы жұмыс үшін пайдалануға, сол арқылы қалыпты қызметке оралуға мүмкіндік берді.

 

  • 03.08.2021
  • 294
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика