• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Халал туралы

Сауда әлемінен соңғы жаңалықтармен бөлісемін. Нақтырақ айтқанда, техникалық реттеу әлемінен.

Белгілі болғандай, әр елде шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын өз талаптары бар. Бұрын Кеңес Одағы уақытында бұл талаптарды біз ГОСТ деп атадық, қазір олар ҚР СТ немесе ұлттық стандарт деп аталады. Осы стандарттар қаншалықты қатаң болса, соншалықты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы жоғары болмақ. Демек, осы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланылатын азаматтардың өмір деңгейі жоғары.

Қазақстан әртүрлі саладағы қазіргі заманғы стандарттарды енгізе отырып, дамыған елдердің аналогтарын басшылыққа алады. Мысалы, Халал стандарттарын Ислам ынтымақтастығы ұйымының, Ислам елдерінің Стандарттар және метрология институтының стандарттарының, MS (Малайзия) стандарттарының талаптарын, CODEX ALIMENTARIUS Комиссиясы ұсынымдарын және т.б есепке ала отырып әзірледік.

Бұл өте маңызды. Өйткені халал өнімдері біздің елімізді танымалдылыққа ие («халал» маркасымен жиі шынайы халал өнімінен алыс өнімдер сатылатындығын жасыра алмаймыз), демек ол дайындалатын айқын қалыптасқан қағида болуы қажет.

Қазақстанда шілдеден бастап 5 Халал ұлттық стандарттары енгізіледі. Жаңа стандарттардың «пакеттік қағидаты» бар, яғни Халал өнімдерінің өндірісі кезінде олар біруақытта қолданылуға тиіс.

Сонымен.

ҚР СТ 3483-2019 «Халал өнімдері. Негізгі ережелер» стандарты қандай өнім Халалға жататындығын (яғни оны Исламның діни салтқа сәйкес қолдануға және тұтынуға болады), қандай өнім жатпайтындығын анықтайды.

Стандартқа сәйкес, Халал өнімдерінің өндірісі кезінде тек Халал өнімдерінен алынған шикізат пен ингредиенттерді пайдалануға рұқсат етілген. Тұз, бал, жаңа шикі сүт, таза органикалық химиялық заттар, өсімдік тектес жаңа піскен шикізат және құрғақ өсімдік материалдары (дәмдеуіштер, қара және қызыл бұрыш тұқымдары, лавр жапырағы) сияқты шикізатқа, ингредиенттер мен қосалқы материалдарға растайтын құжаттың болуы талап етілмейді.

Халал емес өнімдерге жататын тыйым салынған жануарлар мен құстардың етін, сондай-ақ олардың мүшелері мен органдарын пайдалануға жол берілмейді.

Осы стандарт талаптарына сәйкес Халал өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын ұйым өндірістік желі тек Халал өнімдерінің өндірісіне арналғандығына кепілдік беруге тиіс.

Егер өндірістік желі бұрын Халал өнімі болып табылмайтын өнімдерді өндіру үшін пайдаланылса, онда халал өнімдерін өндіру алдында санитариялық-гигиеналық қағидаларға сәйкес өндірістік желі тазартылуға және жуылуға, сондай-ақ Ислам салт-дәстүріне сәйкес салттық тазарту қамтамасыз етілуге тиіс. Өндірістік желіні халал емес және керісінше халалдық деп қайта жасауға жол берілмейді.

Маңызды!

Халал өнімдерін өндіру үшін тек жануарлар мен құстаррды қолмен сою тәсілі қолданылады. Жануарлар мен құстарды сою ислам ережелері бойынша жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұл белгілі бір дағдылары мен біліктілікке ғана ие емес, діни бірлестіктен рұқсат ететін құжаты бар Халал-бақылаушымен бақыланады.

Бұл – ҚР СТ 3453-2019 «Халал өнімдері. Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын сою бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» екінші стандартта жазылады.

Ислам ережелеріне сәйкес келетін белгілі бір дағдылар қажет етілетін сою процесінен басқа, Халал өнімдерін өндіру процесіне кез келген ұлт пен діни наным қызметкерлері қатыса алатындығын бірден айтқым келеді.

Жақын арада Қазақстанда 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Халал «пакеттік стандарттар» туралы айтуды жалғастырамын.

  • 03.07.2020
  • 507
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика