• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Электрондық аккредиттеу

Жақында жәриалағандай 2020 жылғы 13 шілдеде ұлттық аккредиттеу орган жұмысының жаңа форматы күшіне енеді - сәйкестікті бағалау саласындағы субъектілерді электрондық аккредиттеу жүйесі іске қосылады.

Аккредиттеу бойынша өтінім беруден бастап аттестатын алғанға дейінгі барлық кезеңдері мен процестері тек қана электрондық түрде жүзеге асырылатын болады.

Өтінімдерді, қорытындыларды, есептерді, жоспарларды, шарттарды, қосымша келісімдер мен аккредиттеу аттестатын қалыптастыру және оларға қол қою тек электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық түрде жүзеге асырылатын болады. Демек, барлық өтініш берушілердің, аккредиттеу субъектілерінің және аккредиттеу жөніндегі орган қызметкерлерінің жүйеде жұмыс істеу үшін ЭЦҚ болуы тиіс.

Сондай-ақ, өтінім беруші/аккредиттеу субъектісі автоматты түрде тіркеумен және өтінім нөмірін берумен онлайн режимінде өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өтінім бере алады. Және одан әрі орындау мәртебесін дербес бақылай алады. Яғни енді ҰАО хат қабылданғаны немесе қабылданбағанын, жетекшісі тағайындалғаны немесе тағайындалмағанын, келісім-шартқа қол қойылды немесе қойылмағанын және т. б білу үшін қоңырау шалу керек емес болады.

Бұдан басқа, электрондық аккредиттеу жүйесі өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері бойынша шынайы және өзекті ақпарат алу үшін мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген.

Аккредиттеу процестерін цифрландыру аккредиттеу субъектілері үшін аккредиттеу нәтижелерін алуды күту уақытын, сондай-ақ аккредиттеу материалдарын (қағаз, картридж және т.б.) басып шығаруға арналған шығындарды, нотариаттық іс-әрекеттерге және құжаттарды жіберуге арналған шығындарды едәуір қысқартуға және басқа да артықшылықтарға мүмкіндік береді.

Цифрландыру аккредиттеу процесінің уақытын (кем дегенде 2-3 есе) қысқартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, аккредиттеу жөніндегі орган қызметкерлерінің де, аккредиттеу субъектілерінің де барлық іс-қимылдарын бақылауға және мониторингтеуге мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы-құжаттарды бұрмалау және қолдан жасау мүмкіндігін болдырмайды, аккредиттеу субъектілерінің жауапкершілік деңгейін арттырады. Және аккредиттеу субъектілерінің стандарттар мен техрегламенттер талаптарының орындалуына толыққанды мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

Неге бұны егжей-тегжей жазып отырмын?

Бізге бизнестің ел ішінде де, одан тыс жерлерде де бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіру қағидасын қабылдауы өте маңызды. Ел азаматтары тамақтанатын, киетін немесе қолданатын өнімдердің сапасы неғұрлым жоғары болса, олардың қауіпсіздігі, олардың өмір сүру деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Сауда министрлігі сапа стандарттарын әзірлеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде бизнестің стандарттарға сәйкестігін растау үшін сапаның «пішін карталарын» және қолайлы жағдайларға қол жеткізуі үшін барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысамыз.

Ал негізгі қадамдар өндірушілердің қолында!

  • 09.07.2020
  • 394
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика