• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Экспорт туралы

10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шикізаттық емес тауарларды экспорттаушыларға қолдау көрсету қажеттігін ерекше атап өтті. Сауда жəне интеграция министрлігі құрылған сəтінен бастап қазақстандық шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуға, сонымен қатар тауарлар мен экспорттық нарықтарды əртараптандыруға бағыт алды. Елімізде өндірілетін тауарлардың əлеуетті нарықтары мен əріптес елдердің нарықтарында экспортымызды ұлғайту мүмкіндіктеріне талдау жасалды. Біз басқа елдердің сатып алушыларымен тұрақты түрде келіссөздер жүргізе отырып, оларды біздің тауарларымызды сатып алуға шақырамыз. Пандемия салынған логистикалық тізбектерді бұзып, сауда процестерін айтарлықтай қиындатты. Алайда, бұл сонымен қатар жаңа бағыттарды да ашуда, біз соны дер кезінде пайдаланып үлгеруіміз қажет. Мысалы, АӨК өнімдеріне келетін болсақ. Қытай өз нарығына АҚШ-тан келетін шошқа етін тоқтатқан кезде, қазақстандық шошқа өсірушілердің ҚХР-ға экспортын жолға қоюға мүмкіндігі бар. Оның үстіне, біздің қытайлық серіктестеріміз бұған бірнеше рет қызығушылық танытты. Айта кетер жайт, өткен жылы мен Германия жəне Швейцарияда іссапарда болған кезде, осы елдердің инвесторлары да Қытай нарағына қарай отырып осы салаға айрықша қызығушылық танытты. Қазір біз пандемияның кедергілерін ескере отырып ұлттық өндірушілепді осы мүмкіндіктермен таныстырудамыз. Біздің тауарлар бəсекелестерді ығыстыра алатын немесе "уақытша қол жетпейтін" ұсыныстарды ұйымдыстыра алатын бағыттары өте көп. Ең бастысы, уақытында үлгеру қажет. Пандемия мен шектеулер кезінде мұны іске асыру қиынға соғады, бірақ бар күш-жігерімізді салып істеуіміз қажет. Биылғы көктемде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артқаны қуантады. Күнбағыс жəне рапс майының сатылымы жартылай, соя күнжарасы 3,3 есеге, ұсақталған күріш 2,2 есеге өсті. Жаңа нарықтарда отандық бизнестің бəсекеге қабілеттілігін арттыруда ағымдағы жағдайды барынша тиімді пайдалану үшін біз экспорттаушыларға тиімді қолдау шараларын көрсету қарқынын бəсендетпеу маңызды. Біз басым бағыттар бойынша шикізаттық емес экспортты жедел ілгерілету жөніндегі жобаны бастадық. 16 тауар позициясы анықталды, олар үшін 2025 жылға қарай қосымша 13,5 млрд. АҚШ долл. дейін арттыру жоспарлануда. Біз бизнеспен жəне мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бастамалар қарталарын жасап, жақын арада оларды жүзеге асыруға кірісеміз. Бірақ бұл жоспарлар. Ал əзірше ағымдағы жағдай мынадай: алты айда 52-ден астам экспорттаушыөндіруші (Қазақстанның барлық аймақтарында) KazakhExport-тың қолдауына ие болды, олардың ішіндегі 13-і алғаш рет қолдау алды. Экспорттық-кредиттік агенттік қызметін басталғаннан бері машина жасау, металлургия, химия, тамақ жəне жеңіл өнеркəсіп, агроөнеркəсіптік кешен (ет өңдеу, жұмыртқа өндірісі, көкөніс өндірісі жəне т.б.) сияқты салаларда 120-ға жуық кəсіпорынға қолдау көрсетілді. Отандық өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындарын өтеу үшін: 71 экспорттаушының 125 өтініміне қолдау көрсетілді, оның басым бөлігі-тамақ өнімдерін өндірушілер. Бұл біздің тағам өнеркəсібі өнімдерінің шетелдік нарықтардағы қажеттілігін тағы да дəлелдейді. (Атап өтсек, осы қолдауды алған компаниялардың (44%)жартысына жуығы өнім экспортының көлемін орташа алғанда 41%-ға ұлғайтты. 33% (59 компания) жаңа нарықтарға шығу үшін өтелген қаражатты жұмсады, ал 23% (44 компания) тауарлардың жаңа түрлерін шығаруды ретке келтірді). Осы жылы біз үшін басты əлеуметтік-экономикалық нəтиже - 755 жаңа жұмыс орнын ашу болмақ. Сондай-ақ, шикізаттық емес экспортты дамыту мақсатында жəне короновирус пандемиясының салдарынан экспорттаушыларды қолдау үшін қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілуде. Жаңа ережерлерге сəйкес жоғары технологиялық өнім өндірушілердің жұмсалған шығындарының 80% - на дейін өтелетін болады. Тамақ өнеркəсібі саласында экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыру басталды. Бүгінгі таңда 40-қа жуық компания өздерінің экспорттық дайындығын "толықтыруға" жəне дайын сапалы өнімідерін көрші елдердің нарығына шығуға ниет білдіруде. Жалғасы бар

  • 15.07.2020
  • 419
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика