• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Экспорт туралы. Жалғасы - 2

Достар, мен сіздерге, наурыз айында Төтенше жағдай басталған уақытта,  экспорттаушылары үшін арнайы телеграм - арна @exportgov құрғандығын айтқан болатынмын. Телеграм-арнада біз шикізаттық емес тауарларды экспорттауға қатысты барлық өтініштерді қабылдаймыз, бизнес тарапынан туындаған сұрақтарға жауап береміз, шешімін табуға тырысамыз: кейбір мәселелердің шешу жолы жүйелі тәсілді талап етсе, кейбір мәселелер «қолмен» шешіледі.

Халықаралық көрмелерге байланысты кәсіпкерлерден келген өтініштер де бар. Иә, қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар үшін маңызды халықаралық форумдар, бизнес-миссиялар мен көрмелер көп. Бірақ China International Import Expo (оны жиі Шанхай импорттық көрме деп атайды) үшінші Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ұйымдастырушылары іс-шараның мерзімінде өткізілетінін растады. Яғни, 2020 жылғы 5-10 қараша аралығында.

Біз экспорттаушыларымыздан «ең болмағанда Шанхайдағы көрмеден бас тартпайық» деген өтінішті ала бастадық: «Бұл өте маңызды, өте тиімді көрме. Осы ауқымды көрмеге екі жыл қатарынан қатысып, көптеген байланыстар орнатып, өнімдерімізді жақсы жарнамалап, келісім шарттарға қол қойылды. Көрмеге ірі, орта саудагерлер, дистрибьюторлар келеді ». «Біз Еуропаға, АҚШ-қа, тіпті Үндістанға бардық, бірақ Шанхайдағы көрме өте керемет».

2019 жылы Шанхай импорт көрмесіне 30 отандық тамақ өнеркәсібі және ауылшаруашылық компаниялары қатысып, өз өнімдерін Қытайдың ірі импорттаушыларына ұсынды. Нәтижесінде 150 миллион долларға экспорттық келісімшарттар жасалды. Бұл көрменің бір ерекшелігі - біз өз өнімдерімізді Қытайдан келген кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен бірге көрмеге қатысқан 100 елдің өкілдеріне ұсындық .

Шанхай көрмесі алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар мен Қытайға әкелінетін өнімдерге жоғары технологиялық өндірістік жабдықтар мен стратегиялық маңызы бар жаңа индустриялық секторларға бағытталған , соған орай біздің компаниялар өздерінің жетістіктері мен мүмкіндіктерін ұсынуға дайын болғандықтан, біз өз компанияларымызды CIIE-2020 қатысуға ұйымдастыруды ұйғардық.

Сауда және интеграция министірлігі қазірдің өзінде 40 қазақстандық экспорттаушы компания үшін 260 шаршы метр жерді брондап қойды. Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баса назар аудара отырып, бизнес-стендтерді ұйымдастырамыз.

Импорттық тауарлардың үшінші кәсіби халықаралық көрмесіне ( China International Import Expo) қатысуға мүдделі барлық кәсіпорындардың назарына! Жаңалықтарды Министрліктің сайтында, export.gov.kz порталында және біздің телеграм - арнамызда @exportgov-та оқуға болады! Біздің еліміздің көрмеге қатысуы бойынша заңдық рәсімдер аяқталысымен, біз компанияларды жинай бастаймыз.

Тағы бір айта кететін жайт! Қазақстандық өндірушілер үшін қатысу - тегін, барлық шығындар-мемлекет есебінен (жалға алу, ұшып келу, тұру, аудармашы, трансфер) төленеді.

  • 16.07.2020
  • 466
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика