• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Біз қаланы жайлы, ыңғайлы ету және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз!

Біз қаланы жайлы, ыңғайлы ету және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз! Елордада қала тұрғындарының таза ауада демалуына арналған көрікті орындар қатары көбеюде: қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) мен аулаларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы абаттандыру маусымында 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік қамтылады. Олардың кейбірі аяқталды.
Абаттандыру кезінде басты назарды қаланың ескі бөлігіне және тұрғын үй массивтеріне аударамыз. Бүгін Байқоңыр ауданында салынған бірқатар ауланы аралап шықтым. Онда аулаларды өзара біріктіретін ерекшеліктері бар: осылайша балалар мен үлкен кісілердің демалуы үшін көбірек орын жасай отырып, бірнеше ауланы абаттандырамыз.
✅ Мысалы Байқоңыр ауданында 50 ауланы абаттандырамыз! Оның ішінде Алатау шағын ауданының өзінде 9 үлкен аула абаттандырылды. Аулаларымыздың бәрі көпфункциялды болып келеді: балалар үшін де, үлкен кісілер үшін де. Футбол алаңдары, жаттығу орындары, бүлдіршіндерге арналған тұстар, демалуға арналған тыныш аймақтар қарастырылған. Сондай-ақ, иттерді серуендетуге арналған орындар ашуға да назар аударамыз.
✅ Бүгін Республика даңғылының бойындағы (Самал шағын ауданынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін) қоғамдық кеңістік құрылысының барысымен таныстым. Біз аумақты жұртшылыққа кедергі тудырмайтындай етіп жасаймыз. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың адам көп жүретін даңғылдардың бірінде еш қиындықсыз жүруі үшін жасалып отыр. Сол сияқты көлеңкелі шатырлар, әткеншектер, шағын архитектуралық мүсіндер орнатылады. Бұл аумақ жаппай көгалдандырылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары жүретін тротуар аумағы («Республика Плаза» ауданында) ұлғайтылды.
✔️ Мәселен былтыр 76 гектардан астам жер абаттандырылды. Осылайша 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) қамтылды. Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытудамыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аулаларды абаттандыру кезінде көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлеміз. Биыл 1 млн-нан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызамыз. Осылайша қаламызда экологиялық аумақтар қатары көбейіп жатыр.

  • 11.08.2021
  • 252
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика