• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаламызда тұрғындардың бос уақытын денсаулыққа пайдалы әрі ашық аспан астында өткізе алатын көбірек орын ашу өте маңызды

Қаламызда тұрғындардың бос уақытын денсаулыққа пайдалы әрі ашық аспан астында өткізе алатын көбірек орын ашу өте маңызды. Қазірдің өзінде 70-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік аяқталып, ашылғалы тұр.
✅Бүгін, мысалы, құтқарушылар саябағы ашылды. Құтқарушылар саябағының аумағы балалар мен ересектерге арналған аймақтарға бөлінген, кедергі жолақтарын қоса алғанда, экстрим-спортын қолдау үшін түрлі жастағы санаттарға арналған паркур-алаң орналасқан. Сондай-ақ, қала тұрғындарына арналған тыныш демалыс аймағы бар, азаматтық қорғау қызметінің үздіктері үшін Құрмет тақтасы орнатылған, көпір жағында «Public art» суреттелген. Сондай-ақ, аумақта 1964 жылы шыққан АЦ-30 МАЗ 205 арнайы өрт сөндіру машинасы орнатылған. Айта кетейік, бұл көлік Елбасы жайлы түсірілген фильмде көрсетілген.
✔️Құтқаршылар саябағы А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан. Саябақ өрт сөндіруші-құтқарушылар, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне абаттандырылған. Құтқарушылардың жұмысы ерлікке толы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес абаттандыру барысында көгалдандыруға ерекше назар аударамыз. Саябақ аумағында 150-ге жуық ағаш отырғызылды.
Бұл алаң былтыр біз абаттандырған өзге де қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді түрде жалғастырып, кеңейтуде. Бұл Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында орналасқан көпір асты кеңістігі. Онда скейт-алаң, баскетбол алаңы, workout-аймақтар және т.б. бар.
Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саламыз. Былтыр Нұр-Сұлтанда 76 гектар аумақ абаттандырылған. Бұл 150 аула және 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар).

  • 11.08.2021
  • 234
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика