- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспары аясында орталықтандырып, дамытудамыз
Елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспары аясында орталықтандырып, дамытудамыз. Оның аясында қадамдық қолжетімділікте, яғни жақын маңайда білім беру, медицина, әлеуметтік тұрғын үй нысандары, белсенді демалыс орындары және т.б. ашылады. Ал бұл өз кезегінде қаланы тұрғындар үшін жайлы етпек.
✅Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Теміржолшылар елді мекендерінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері болады. Көктал және Өндіріс елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Көктал елді мекенінде орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап шықтым.
✔️Дене шынықтыру-сауықтыру кешені тек спортпен шұғылдануға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету орталығының функциясын да атқарады. Бұл кешендерде полицияның тірек пункті орналасқан.
Бұдан басқа, Есіл өзенінің жағалауындағы Триатлон паркте, теміржол вокзалында, Орталық саябақта (Тұран даңғылы жағынан) және негізгі кіреберістің алдында полицияның модульдік бекеттері жұмыс істейді. Биыл қадамдық қолжетімділік аясында елорданың барлық ауданында модульдік типтегі бекеттер ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту үшін жүргізілуде.
✔️Сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде де ХҚО болады. Бұдан басқа егде жастағы адамдарға арналған қызығушылықтар бойынша клубтар, спортпен айналысуға арналған залдар (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, жаттығу залы, күрес, бокс), сондай-ақ ұлттық ойындарды оқыту залдары және т.б. бар.
✅Тұрғындар дене шынықтыру-сауықтыру кешендеріне тегін бара алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендерді дамытудамыз. Соның ішінде, бұқаралық спортты дәріптеуге баса назар аударылуда. Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз.
- 11.08.2021
- 207