- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстан 160 млн.$ астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойды
2021 жылғы 12 тамызда ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде көрме қызметі өткен жылы елеулі сын-қатерлерге ұшырағанын атап өтті. Көптеген бизнес миссиялар кейінге қалдырылды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап В2В кездесулер алаңдарында белсенділік басталды. Орталық Азия елдерінде (Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан), сондай-ақ Ресей Федерациясының Екатеринбург және Қазан қалаларында 5 сауда-экономикалық миссия өткізілді.
"Іс-шара аясында азық-түлік, машина жасау, химия, құрылыс салаларынан, АТ және логистикалық қызметтерден 100-ден астам отандық тауар өндірушілер қатысты. Жалпы сомасы 162 млн. АҚШ долларға 40-тан астам экспорттық келісімшарт пен келісімге қол қойылған,"- деді Төребаев Қайрат.
Жыл соңына дейін Шанхай қаласында (ҚХР) және Дубай қаласында (БАӘ) ұлттық стенд форматында тағы 5 сауда-экономикалық миссия мен 2 халықаралық көрме өткізу жоспарлануда.
- 12.08.2021
- 291