• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шикізат емес тауарлардың экспорт көлемі 7,2 млрд.$ құрады

Нұр-Сұлтан - 2021 жылғы 12 тамыз. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді ілгерілету жөніндегі жұмыстың негізгі нәтижелері туралы хабарлады. 

2020 жыл бүкіл әлем үшін қиын жыл болды. Көптеген елдер әлемдік тауар нарықтарындағы сұраныстың төмендеуіне, жүк тасымалының күрделенуіне, шетелдік бизнес-серіктестермен байланыстардың үзілуіне тап болды. Нәтижесінде тауарлардың халықаралық саудасының көлемі 5%-ға, көрсетілетін қызметтер саудасы 20%-ға қысқарды.

"Бұл ретте, ағымдағы жылы біртіндеп қалпына келіп жатқаны байқалады. Мәселен, 5 айда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 36,4 млрд. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артты.Сонымен қатар, шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%-ға өсіп, 7,2 млрд. АҚШ долл. құрды. Мыс пен катодтар өсу драйверлеріне айналды, олардың экспорты 35,7%-ға өсті, жалпақ прокатты жеткізу де 89,1%-ға, күміс - 2,2 есе, күнбағыс майы - 49,5%-ға өсті", - деді Қайрат Төребаев.  

Қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей, Қытай, Өзбекстан екені белгілі. Бүгінде мұнай өндіруді қысқарту және оған бағаның күрт құлдырауы жағдайында экономиканың шикізаттық емес секторының әлеуетін арттыру СИМ-нің басты міндеті болып табылады. 

Шикізаттық емес экспорт көлемінің одан әрі төмендеуіне жол бермеу мақсатында Министрлік жүйелі негізде экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау көрсетеді. Бұл қаржылық және қаржылық емес қолдаудың 20-дан астам құралы.

Бірінші жартыжылдықта 90-ға жуық кәсіпорынға экспорттық қызметті жүргізуді жақсарту және контрагенттерді іздеу бойынша ұсынымдар берілді, 20 салалық экспресс-дайджест, кәсіпорындарға олардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару бойынша нақты ұсынымдармен 97 экспресс талдау дайындалды.

Министрлік экспорттаушылармен кері байланыс арналарының тізімін айтарлықтай кеңейтті, @exportgov телеграмм-чаты іске қосылды, онда экспорттаушылардың барлық сұраныстары жинақталады және әрбір жүгінген адамға жедел қолдау көрсетіледі.

 

  • 12.08.2021
  • 200
Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика