- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Экспорттық акселератор сыртқы нарықтарға 100 жаңа экспорттаушыны шығарады
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында 2021 жылғы 12 тамызда ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Министрлік ұсынылған қолдау шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ әрбір экспортқа бағдарланған кәсіпорынға жеке тәсілді қолдану мақсатында өткен жылы кәсіпорынды идеядан жаңа нарықтарға өнім жеткізуге дейін сүйемелдеуді көздейтін экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосқанын айтты.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаның бірінші кезеңі аясында 32 млн. АҚШ долларынан астам сомасына экспорттық келісімшарт жасасқан 35 тамақ өнеркәсібі кәсіпорыны қатысуда.
"Осыған байланысты экспортты ілгерілету мақсатында 2021 жылы "экспорттық жеделдету" бағдарламасы шеңберінде сыртқы нарықтарға 100 жаңа экспорттаушы шығарылады және экспорт географиясы, сондай - ақ салалық қамту кеңейтіледі", - деді Қ. Төребаев.
- 12.08.2021
- 218