- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
ЕДБ Ұлттық тауар өткізу желісіy іске асыруға дайындығын білдірді
2021 жылғы 12 тамызда Еуразиялық даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары А.С. Исенов ҚР Cауда және интеграция министрлігінің Алқа мәжілісінде сөз сөйледі.
Амангелді Исенов Банк жанында инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру, өңірлік интеграция бағдарламаларын қолдау, экономикалық өсуге, банк қатысушыларының нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған мемлекетаралық, елдік, салалық және инновациялық зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ өзге де іс-шараларды қаржыландыру арқылы өзіне жүктелген миссияны орындауға тиімді жәрдем көрсететін техникалық жәрдемдесу қоры жұмыс істейтінін хабарлады, Банктің қызметіне байланысты және оның миссиясын орындауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында "ЕАЭО мүдделі елдерімен ортақ тауар бөлу желісін құру мүмкіндігін пысықтау қажеттігі туралы" бастаманы жариялады.
"Осыған байланысты, ағымдағы жылы Банк Сауда және интеграция министрлігімен техникалық тапсырманы талқылай отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Сыртқы Консультантпен бірлесіп Еуразиялық тауар өткізу жүйесінің тұжырымдамасын қалыптастыру жөніндегі жобаны іске асыруға кірісті. Жұмыс ЕАЭО елдерінде де, Тәжікстан Республикасында да (ЕДБ-ға қатысушы ел), Өзбекстан Республикасында да (ЕДБ-ға қатысушы әлеуетті ел) жүргізілуде", - деді А. Исенов.
Сонымен қатар, Еуразиялық даму банкінің зерттеуі еларалық кешенді талдау жүргізуді: тауар айналымын, азық-түлік тауарларының сауда теңгерімдерін, қолданыстағы инфрақұрылымды талдауды, көлік-логистикалық дәліздерді және көтерме-тарату орталықтарының жұмыс істеуі жөніндегі талаптарды айқындауды, бірыңғай цифрлық платформа құру жөнінде және бірыңғай тауар өткізу жүйесін құру үшін ЕАЭО елдерінде заңнаманы үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтиды.
Оның пікірінше, ЕАЭО елдерінің тауар нарығы оның үздіксіз жұмыс істеуін және АӨК-дегі тауар ағындарын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұжырымдамалық және техникалық тұрғыдан жолға қойылған нарықтық, логистикалық инфрақұрылым мен сақтау және бөлу жөніндегі инфрақұрылымға мұқтаж.
Ұлттық тауар өткізу желісі алдағы уақытта Еуразиялық тауар өткізу желісінің бір бөлігі болады, Банк осы жобаны іске асыруда негізгі қатысушы болуға дайын.
"Біріншіден, қаржы институты ретінде, яғни ұлттық тауар өткізу желісін құру кезеңдерін қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру, екіншіден, ҚР-дағы көтерме - тарату орталықтарының желісі мен шекара маңы инфрақұрылымын қамтитын Қазақстан Республикасының ұлттық тауар өткізу желісін құру бойынша зерттеулер жүргізу бөлігінде техникалық көмек көрсетуге дайын," - деп хабарлады Еуразиялық Даму Банкі Басқармасы Төрағасының орынбасары А.С. Исенов
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық тауар өткізу жүйесі мен ҚР Ұлттық тауар өткізу желісін дамыту Қазақстанның орнықты дамуына ықпал ететін бірқатар стратегиялық мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді. Түйінді мәселелердің бірі - ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Тауарларды өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау кезінде шығындар мен ысыраптарды азайтуға жеткізу тізбектерін оңтайландыру және инфрақұрылымды жаңғырту арқасында қол жеткізілетін болады.
Экспорттың жаңа арналарын құру мен жұмыс істеп тұрғандарын оңтайландыру, оның ішінде ЕАЭО елдерінің бағыттары бойынша да дамудың маңызды ынталандыруы болмақ. Өз кезегінде, өнімділіктің артуы және жаңа нарықтарға шығу азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға және өндірушілер кірісінің артуына ықпал етеді.
- 12.08.2021
- 204