- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Министрлік қант бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізді
2020 жылы және ағымдағы жылы қант қызылшасының төмен түсіміне байланысты ЕАЭО аумағында ақ қант тапшылығы күтілуде.
Оның үстіне, ЕАЭО елдерінде, сондай-ақ өзге де елдерде ақ қант өндірісі көлемінің төмендеуі 2020 жылы нақты тұтынушылар үшін тиісінше ақ қант пен шикі қант бағасының 50% - ға және 75% - ға өсуіне алып келді.
Осыған байланысты, ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 33 шешімімен Қазақстан Республикасы үшін 2021 жылғы 15 мамыр мен 30 қыркүйек кезеңінде ақ қант және/немесе шикі қантқа 134,4 мың тонна мөлшерінде квота бекітілді.
Саланы қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қант шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары бекітілді және құрамында қант бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қант пен өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қант шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге квоталарды бөлу тәртібін айқындайды.
- 12.08.2021
- 174