- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі
Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын ілгерілету мақсатында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитетінің 11-ші отырысы шеңберінде тараптар ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерінің, атап айтқанда, ас тұзы, ет, сафлор, күнбағыс майы экспортының көлемін ұлғайту мәселелерін пысықтауға келісті.
Мысалы, қазақстандық компания «Кублей»ЖШС, «Абай» ЖШС, «Рубиком» ЖШС Қытай нарығына кіру бойынша түрлі шектеулерді алып тастау туралы өтініш білдірді.
Осыған байланысты, қазақстандық тарап ветеринарлық және Фитосанитарлық сертификаттарды тану, экспортталатын өнімнің зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін өзара тану , сондай-ақ қазақстандық ет өндіру жөніндегі кәсіпорындарды Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізу және Қытайға тірі малды экспорттау мәселесін қарау қажеттігін атап өтті.
- 24.07.2020
- 327