- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Теміржол вагондарының орын ауыстыру жағдайы бойынша
23 шілдеде онлайн-режимде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитетінің 11-отырысы өтті, оның барысында қазақстандық тарап Қытай бағытында темір жол көлігімен көмір концентратын, металл прокатын, мыс концентратын, катодты мысты, мырышты, шойынды және басқа да өнімдерді тасымалдауды шектеуге байланысты мәселелерді шешу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Айта кету керек, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қазақстандық көмір концентратының негізгі артықшылығы жоғары сапа, оңтайлы логистика болып табылады, бұл тасымалдау шығындарын азайтуға және технологиялық артықшылыққа ықпал етеді.
- 24.07.2020
- 321