• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Экспорттық акселерация бағдарламасы - Қытай нарығындағы қазақстандық экспорттың жаңа мүмкіндіктері

2020 жылдың 23 шілдесі ҚР сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы «QazTrade ACCELERATOR: Тамақ өнеркәсібі 2020» бірінші экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосты.

Іс-шара онлайн режимінде өтті. Вице-министр өз сөзінде бұл жоба елдің шикізаттық емес экспортының жедел өсуіне, сонымен қатар жаңа экспорттаушылардың өсуіне ықпал ететіндігін атап өтті.

Экспорттық акселерация өндірістік кезеңнен бастап тауарларды жөнелтуге дейін толығымен тәжірибеге бағытталған бағдарлама болуға бағытталған. Қолдау шаралары экспорттаушыларды кешенді қолдау қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Акселератордың бірінші ағымына қатысу үшін тамақ өнеркәсібі саласындағы дайын өндірісі бар 30 компания таңдалады. Қатысушылар бірнеше ай бойы өз компанияларының әлеуетін экспорттық тұрғыда күшейту бойынша белсенді оқытудан өтіп, халықаралық сарапшылардан қажетті дағдыларды алады. Негізгі нәтиже экспорттық келісім-шартқа міндетті түрде қол жеткізу болмақ.

Экспорттық акселерация бағдарламасы 2020 жылдан 2025 жылға дейін 1010 отандық өндірушілерді қамтуды жоспарлап отыр. Олардың 30% -ы бұрын экспорттық қызметке қатыспаған және алғашқы экспорттық келісімшарттарын алатын 303 кәсіпорын болмақ. Қалған 70% - ағымдағы экспорттық қызметке қатысушылар, олар бағадарлама аясында экспорт көлемін арттырады немесе тұрақты жеткізілімдермен өздері үшін жаңа мақсатты нарықтар ашады.

Қазақстанда алғашқы экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосу аясында тамақ өнеркәсібі негізгі сала ретінде таңдалды. Қытай біздің тауар өндірушілердің негізгі сатылым нарығы болады деп жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда әлемдік пандемия жағдайының дамуы және көрші елдердің азық-түлік тауарларына сұранысының жоғарылауы аясында отандық тауар желісін жаңа жағдайларға бейімдеу және экспорттаушыларға тиімді қолдау шараларын ұсыну қарқынын бәсеңдетпеу қажет. Осы ретте біз Қытай провинцияларымен тікелей жұмыс істейтін боламыз», - деп атап өтті вице-министр.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Марат Омаров Ұлттық холдингтің қаржылық институттармен бірге экспорттаушылар үшін ұсынатын қолдау шаралары туралы қысқаша баяндады.

Аталған шараға KazakhExport, QazIndustry, KTZ-Express сияқты қазақстандық даму институттарының басшылары, Ресейдегі, Қазақстандағы және Қытайдағы PwC өкілдері, сонымен қатар қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты.

Ағымдағы жылы бұл бағдарлама осы бағыттағы жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі мен табысты кейстері бар PricewaterhouseCoopers компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылады.

Халықаралық нарыққа шығу әрқашан өзіндік сипаттамаларға ие. Кез келген елге тауарлардың экспорты импорттаушы елдің стандарттарын растау, «жергілікті» сапа сертификатын алу және басқа да көптеген «техникалық» мәселелермен байланысты болады. Өз өнімдерін экспорттауды жоспарлайтын кәсіпкерлердің барлығы шетел нарықтарының мұндай қыр-сырын біле бермейді. Бүгінгі таңда 400-ден астам қазақстандық компаниялар шетелде отандық өндірісті ұсынады. Осы уақытқа дейін еліміздің әлемдік сауда тізбегіндегі шикізаттық емес тауарлардың үлесі төмен болуда. Бірақ акселерация бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде экспорттың артуы күтілуде.

 

slider

 

slider

 

  • 24.07.2020
  • 620
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика