• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Стандарттау туралы

​Дағдарыс жаңа процестерді дамыту және тиімсіз шараларды қайта қарау үшін триггер болады. Мен жақында цифрландыру, аккредиттеудегі жұмыстың жаңа форматтары туралы айтқан болатынмын. Ал бүгінгі әңгіме стандарттау туралы. ​Алдыңғы қатарлы халықаралық құжаттар негізінде жыл сайын шамамен 1000-ға жуық мемлекеттік және мемлекетаралық стандарт әзірленеді. Кәсіпорындар осыларды пайдалану арқылы жоғары сапалы өнім беруге мүмкіндік алады. Сапасы неғұрлым жоғары болған сайын кәсіпорынның және оның тауарларының бәсекеге қабілеттілігі ішкі нарықта да, жаһандық нарықта да соғұрлым жоғары болатыны баршаңызға мәлім.

​Стандарттау жөніндегі ұлттық органға стандарттарды әзірлеуге өтінімді барлық мүдделі тараптар – бизнестің өзі, мемлекеттік органдар, академиялық орталар және техникалық комитеттер бере алады. Техникалық комитеттердің өзі іс жүзінде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу бойынша тар бейінді техникалық сарапшылар болып табылады. Алайда стандарттардың қор сөресінде тұрып қалу жағдайлары кездесетіндіктен, стандарттарды әзірлеуді жоспарлау және қаржыландыру процестерін қайта қарау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді бүкіл жерге енгізу қажет деп санаймын. Біз міндетті түрде динамиканы сақтауымыз және стандарттаудың әлеуетті резервтерін стандарттарды әлде де сұрыптап әзірлеу арқылы арттыруымыз керек. ​Біріншіден, мен стандарттарды әзірлеу процесін жоспарлау саланың терең маркетингіне негізделуге тиіс деп есептеймін. Өндірушіден келіп түскен өтінімді қарай отырып, Стандарттау жөніндегі ұлттық орган бизнестің осы стандартты қолдану әлеуетін, жалпы сапаны арттыруды, экспортты жылжытуды және сауданы дамытуды ескеруге тиіс. ​Екіншіден, менің ойымша, әзірлемені тікелей қаржыландырудан шығындарды субсидиялау форматына өте отырып, стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру схемасын өзгерту тиімдірек болады. Бұл ретте стандарттың сұраныста болуы негізгі шешуші шарт болуға тиіс. ​Қорытындыласақ, маңызды бағыт – цифрландыру. Өткен жылы Стандарттау жөніндегі ұлттық орган «Е-жоспарлау» автоматтандырылған модулін әзірледі, бұл стандарттарды әзірлеуге берілген онлайн өтінім-ұсыныстарды жинауға, өңдеуге және іріктеуге мүмкіндік береді. ​Бұл жұмыс стандарттарды цифрландыру және әртүрлі мемлекеттік жүйелермен, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу жүйелерімен интеграциялау бағытында жалғасып келеді. ​Ақыр аяғында біз стандарттардың экономиканың барлық салаларында, шағын бизнестен ірі бизнеске дейін, қызмет көрсету саласынан жоғары технологиялық өндірістерге дейін қолданылатына қол жеткіземіз. ​Өндірушілер мен барлық ниет білдірушілердің назарына! Сәуір айынан бастап Стандарттау жөніндегі ұлттық органда электрондық стандарттар кітапханасы іске қосылды. Электрондық оқу залы 9 мыңнан астам ұлттық стандарттың (ҚР СТ) және 27 мыңға жуық мемлекетаралық стандарттың (ГОСТ) мәтіндерін қарауға мүмкіндік береді. ​Аталған сервис Lib.egfntd.kz сілтемесі бойынша қолжетімді.

  • 26.07.2020
  • 381
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика