• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
​Мобильдік қосымшалар арқылы бағалы қағаздарға инвестициялау туралы

Құрметті қазақстандықтар!

Бағалы қағаздар нарығы әлемдік қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Цифрландырудың жаһандық трендтерін ескере отырып, қазақстандық нарыққа қатысушылар көрсетілетін қаржылық қызметтер спектрін қашықтықтан кеңейтуде.

Пандемия кезінде бизнесті жүргізудің дәстүрлі формаларының өзгеруі халықтың пассивті инвестициялау құралдарын белсенді пайдалануға деген ықыласына әсер етті. Қазіргі уақытта брокерлік компаниялар брокерлік шотты қашықтан басқаруға арналған көп функциялы мобильдік қосымшаларды ұсынады, бұл инвестициялау процесін жеңілдетеді және қолжетімді етеді.

Брокерлердің қосымшалары биржаның сауда жүйесімен өзара іс-қимыл жасайды, бұл клиенттерге бағалы қағаздарды жедел сатып алуға және сатуға, сауда шоты, ақша қозғалысы және бағалы қағаздар туралы мәліметтерді қарауға, мәмілелер бойынша есептерді, белгілі бір кезеңге шоттың жай-күйі туралы үзінді-көшірмелерді қарауға, инвестициялық портфельдің жай-күйіне мониторинг жүргізуге, жасалған мәмілелердің өзекті мәртебесін көруге және тәулік бойы нақты уақыт режимінде биржалық баға белгілеулерді қадағалауға мүмкіндік береді. Қосымшаларда баға белгілеу кестелері, пайыздық бағалардың ауытқуы және инвестициялық шешімдер қабылдауға қажетті басқа да бірқатар көрсеткіштер бар әртүрлі аналитикалық ақпарат бар.

Шот иелері сауда тапсырыстарын қоя алады, инвестициялық шотты банк картасымен толықтыра алады, дербес деректерді жаңарта алады. Сонымен қатар, клиент бұрын жасалған мәмілелердің толық тарихын көру мүмкіндігіне ие болады 

Мобильдік қосымша арқылы электрондық қызметтер алу және осы сервистерде сауда жасау мүмкіндігіне ие болу үшін клиент брокерлік компанияда брокерлік шот ашуы және брокерлік қызмет көрсетуге тиісті шарт жасасуы тиіс. Ол үшін сіз брокердің офисіне жеке хабарласуыңызға болады, алайда клиенттерге ыңғайлы болу үшін шоттарды динамикалық немесе биометриялық сәйкестендіруді қолданумен мобильді қосымшалар арқылы қашықтан ашу және шарт жасасу ұсынылады.

Әдетте, шотты қашықтан ашу процедурасы көп уақытты қажет етпейді, ол үшін мобильді қосымшаны телефонға немесе планшетке жүктеу қажет. Бұдан әрі шотты ашу немесе шартқа бұрынғыдай клиенттің ЭЦҚ арқылы ғана емес, сондай-ақ биометриялық және динамикалық сәйкестендіру арқылы қол қоюға болады.   

Қажет болған жағдайда брокерлер клиентке тартымды қаржы құралдарын іздеуде және іріктеуде консультациялық көмек көрсете алады. Мобильді қосымшаларды қолдану кибер тәуекелдермен байланысты екенін ескере отырып, реттеуші брокерлерге мәмілелерді жасау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптар белгіледі.

Клиентті сәйкестендіру үшін ақпаратты қорғау шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені клиентті сенімді аутентификациялауды, оның дербес деректеріне рұқсатсыз кіруден қорғауды және осы ақпараттың брокердің дерекқорлары мен мұрағаттарында толық сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасау тиісті инвестициялық тәуекелдермен байланысты және сауда үшін толыққанды инфрақұрылымның болуына қарамастан, инвестициялық табысқа не мәмілелерден залалдың болмауына кепілдік бермейді. Сондықтан, жаңадан келген инвестор тәуекелдерді түсініп, инвестициялау мақсатын анықтауы керек, сонымен қатар қаржы реттегішінің лицензиясы бар сенімді брокерді таңдауы керек.

Ол үшін бірінші кезекте брокердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуын ҚНРДА сайтында тексеру қажет.

Әрбір инвестор үшін инвестициялау стратегиясын және алға қойылған мақсаттарды өз бетінше анықтау, бағалы қағаздар, мемлекеттік компаниялардың қаржылық көрсеткіштері туралы ақпаратты талдау, сондай-ақ қор нарығындағы жалпы жағдайды бағалау үшін өзінің қаржылық сауаттылығын арттыруға назар аудару аса маңызды.

 

  • 26.08.2021
  • 424
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика