• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Құрметті азаматтар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері!

Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің үш мүшесінің өкілеттіктерінің тоқтатылуына байланысты "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) мен Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже (АҚДМ-нің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген) негізінде өз құрамына мүшелерді сайлау жөнінде қосымша конкурс жариялайды.

Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жанында құрылған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы-15 адам.

Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

- нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, Министрліктің тиісті қызмет саласының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

- қоғамдық бақылауды жүзеге асыру; 

- бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың жобаларын, мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

- нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

- бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

- заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

- мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талқылау.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азамат Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

 3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Кандидат анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

 

Аталған құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады.

 

Осылайша, құжаттарды 2021 жылғы 6 қыркүйекке дейінгі мерзімде мына мекенжайға: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел-8 даңғылы, "Министрліктер Үйі" Әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс, ҚР Сауда және интеграция министрлігі не электрондық мекенжайға ұсыну қажет: zh.sisembayeva@mti.gov.kz. "Қоғамдық кеңеске конкурсқа" белгісімен.

 

Анықтама телефоны: 8 717 2 74 98 94, +7 701 701 01 34.

 

Хабарландыру Заңның 9 және 10-баптарына сәйкес жасалды.

 

Құқықтық актілерге сілтемелер:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

 

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383

 

Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264

 

 

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес

  • 01.09.2021
  • 252
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика