• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда министрлігі азық-түлік тауарларына баға белгілеуді үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде

Бүгін, 2021 жылғы 2 қыркүйекте, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің отырысында сөз сөйледі.

Сауда министрлігінің өкілі атап өткендей, "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" Жолдауында Сауда министрлігіне екі тармақ бекітілген.

Мемлекет басшысы ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың көтерме-тарату орталықтары (КТО) жүйесіне қол жеткізуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Өз сөзінде Ержан Қазанбаев КТО жүйесінде әріптестер арасындағы МЖӘ шарты аясында шағын тауар өндірушілер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың еркін және бәсекелі қолжетімділігін қамтамасыз ететін тиісті ережелер көзделетінін түсіндірді.

"Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге және өндірушіні тұтынушыға жақындататын жеке экономикалық кластер құруға мүмкіндік береді", - деді Ержан Қазанбаев.

Сондай-ақ, Вице-министр еркін бәсекелестік пен өнімді сақтау және бөлу инфрақұрылымы тарифтерінің болжамды деңгейі біздің азаматтарымыз үшін азық-түліктің түпкілікті бағасына оң әсер ететінін атап өтті.

 

Өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша азық-түлік өнімдерінің бағасын бірыңғай бақылау үшін жауапты мемлекеттік органды айқындау бойынша жолдаудың екінші тармағын іске асыру туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Сауда және интеграция министрлігі ҰЭМ және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде СИМ-ге өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша баға белгілеуді үйлестіру және азық-түлік тауарларын бөлу жөніндегі уәкілетті орган функцияларын беру жөнінде ұсыныстар енгізілетінін хабарлады.

Сонымен қатар, Ержан Қазанбаев салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиісті регламенті бір ай мерзімде әзірленетінін түсіндірді.

  • 02.09.2021
  • 195
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика