• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов Еңбекмині Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай іске асыратынын хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік – еңбек саласы бойынша тапсырмалардың қалай орындалатыны туралы айтып берді.

Өз сөзінің басында Серік Шапкенов Мемлекет басшысы Еңбекминінің алдына ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, көші-қон саясатын жетілдіру, еңбекақы төлеуді арттыру жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойғанын еске салды.

«Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мынадай шараларды іске асырады: «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеу; көші-қон саясатының тұжырымдамасын әзірлеу; халықтың еңбек ұтқырлығы мәселелерінде жаңа тәсілдерді әзірлеу; ең төменгі жалақыны (бұдан әрі – ЕТЖ) 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін арттыру және азаматтық қызметшілердің кейбір санаттарының жалақысын өсіру», – деп хабарлады Еңбекминінің басшысы.

Оның айтуынша, жаңа заң жобасы: қызметкерлердің біліктілігі мен дағдыларын тануға; біліктілікке сәйкестікті бағалаудың үйлестірушісі болатын Ұлттық біліктілік органын құруға бағытталады.

Бұл құжатты қабылдау біліктілікті тану жүйесінің бірыңғай шарттарын біріздендіруді және белгілеуді, сондай-ақ мамандықтарға қол жеткізуді реттеу тәсілдерін бекітуді қамтамасыз етеді.

«Ел Президенті көші-қон процестерінің еңбек нарығына үлкен әсерін атап өтті. Осыған байланысты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. Жаңа бесжылдық кезеңге (2022 – 2026 жылдар) арналған Тұжырымдама жобасында: оңтүстіктен солтүстікке өңіраралық ішкі ұтқырлықты арттыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету; шетелде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау тетігін құру; қандастардың тұрақты тұруға Қазақстанға қоныс аударуға жағдай жасау; шетелдік мамандарды тарту бойынша реттелетін және икемді жүйені қамтамасыз ету көзделетін болады», – деді Серік Шәпкенов.

Ол сондай-ақ, жаңа Тұжырымдама аясында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тетігі қайта жаңартылатынын атап өтті. Оңтүстік өңірлерден жұмыскерлерді өз бетінше жалдайтын және жұмысқа орналастыратын жұмыс берушілер үшін мемлекеттік қолдау алу тетігі оңайлатылып, кеңейтілетін болады. Бұл оларды қоныс аудару бағдарламаларына белсенді қатысуға ынталандыратын болады.

«Мемлекет басшысы жариялаған бастамаларға сәйкес еңбекақы төлеуді арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бірінші, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгені құрайды. Бұл шара 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің ақшалай табыстарының өсуіне алып келеді. Бұл сондай-ақ разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа да қызметкерлердің кірістерін арттыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, 4 жыл ішінде азаматтық қызметшілердің жекелеген 588 мың санатының (мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т.б.) жалақысын кезең-кезеңімен арттыру үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленеді. Нәтижесінде, 2022 жылдан бастап олардың жалақысы жыл сайын 20% - ға артып, 2025 жылға қарай екі есеге артады. Ең төменгі жалақы 49 мыңнан 60 мың теңгеге дейін немесе 22% - ға өседі», – деп толықтырды министр.

Өз сөзінің соңында Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының әлеуметтік масылдықты төмендетуге және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге қатысты тапсырмалары әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте ескерілетінін айтты.

  • 03.09.2021
  • 359
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика