• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов БҰҰДБ өкілімен әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделін жақсарту бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесу өткізді, оның барысында тараптар 2021-2023 жылдарға арналған «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау және іске қосу бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» бірлескен жобасының перспективаларын, сондай-ақ өткен жылдардағы ынтымақтастықтың қорытындыларын талқылады.

Сөз басында Серік Шәпкенов 2018-2020 жылдары іске асырылған «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақты дамуы: әлеуметтік интеграция және инклюзия жөніндегі бағдарламаларды ілгерілету» бірлескен жобасының оң нәтижелерін атап өтті.

«Жоба мүгедектігі бар адамдарға қатысты өзекті мәселелерді шешуге халықаралық ұйымдардың қатысуының маңыздылығын көрсетті. Біздің Үкімет үшін мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту басым міндеттердің бірі болып табылады», – деді Еңбекминінің басшысы.

Оның айтуынша, осы мақсаттарға қол жеткізу аясында Қазақстанда кешенді шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылуда.

«2020 жылы мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін тікелей жеткізушіден таңдау құқығын көздейтін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Сол жылы лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге көмек көрсету үшін мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен мамандықтардың атласы әзірленіп, жұмыспен қамту орталықтарына жіберілді. 9 өңірде «Ten Qоgam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру орталықтары ашылды», – деді Серік Шәпкенов.

Министр сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізіп жатқанын, ал Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда екенін хабарлады.

Сонымен қатар, Серік Шәпкенов ҚР Еңбекмині мен БҰҰДБ-ның 2021-2023 жылдарға арналған «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау және белсендіру бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» бірлескен жобасының перспективаларын атап өтті.

«Жаңа жоба өзін-өзі жүзеге асыруға және халықтың неғұрлым осал топтарын қоғамға ықпалдастыруға бағытталған әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделін нығайтуға мүмкіндік береді. Біз қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалаймыз және ағымдағы және перспективалық жобалар аясында одан әрі бірлескен және нәтижелі жұмысқа үміттенеміз», – деп түйіндеді ол.

Өз кезегінде Якуп Бериш ҚР Еңбекминінің басшылығына жемісті бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

  • 03.09.2021
  • 297
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика