• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Шомылу маусымында ТЖМ құтқарушылары 328 адамды, оның ішінде 61 баланы құтқарды

Шомылу маусымында ТЖМ құтқарушылары 328 адамды, оның ішінде 61 баланы құтқарды.

Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ барлық деңгейдегі орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін алдын ала бастады және үздіксіз өткізілді.

Шомылуға рұқсат етілген 538 орын анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 93 орынға көп.

ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен және жеке меншік объектілермен бірлесіп 454 құтқару және 66 медициналық бекет құрды.

Аса қауіпті учаскелерде 59 мобильді құтқару бекеті қойылды.

Су айдындарында 6655 қауіпсіздік белгісі және 1656 ақпараттық стендтер орнатылды, онда адамдардың қаза болу себептері мен оқиғаларға ықпал еткен жағдайлар жазылған.

Тұрғындар арасында 1 млн 139 мың 935 дана үгіт өнімі (буклеттер, парақшалар) таратылды, халықпен 5314 жиын өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда 32085 бала жүзуге үйретілді.

Алдын алу жұмыстарына 17943 волонтер тартылды.

ТЖМ күштері ІІМ-мен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп 76649 рейд және патрульдеу жүргізді, ӘҚБК-нің 440-бабы «қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» бойынша 4788 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ӘҚБК-нің 364-бабы «ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 5781 адамға ескерту жасалды және 172 адамға айыппұл салынды.

Ағымдағы жылы су айдындарында адам өлімінің алдын алудың жаңа әдістері қолданылды.

Авиациялық және теміржол көлігінің мультимедиялық жабдықтары су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдерін тарату үшін пайдаланылды.

«2GIS» картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірлерінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындардың деректері орналастырылған

Сонымен қатар, ТЖМ және мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан 319 адам, оның ішінде 95 кәмелетке толмағандар суға кетті.

Су айдындарында балалардың қаза болу жағдайларының 82%-ында балалар ата-аналарының қарауынсыз болды.

Адамдардың қайтыс болуының негізгі себептері өз күштерін жете бағаламау – 170 жағдай, мас күйінде шомылу – 73 жағдай, су айдынына құлау – 68 жағдай, жүзе алмау – 34 жағдай, балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу – 24 жағдай, суға батушыларды құтқару кезінде-13 жағдай және жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу - 8 жағдай.

Суға шомылу маусымының аяқталуына қарамастан, құтқарушылар су айдындарында адамдардың өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыруда, өйткені күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады.

  • 03.09.2021
  • 251
Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика