• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 481,6 млн. $ құрады

Нұр-Cұлтан, 2021 жылғы 6 қыркүйек-бейнеконференция режимінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, литвалық делегацияны – Экономика және инновациялар министрі Аушрин Армонайте басқарды.

Отырыс барысында екі елдің бірқатар негізгі министрліктерінің өкілдері көлік және логистика, АКТ, ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік қызметті реттеу, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту сияқты салалардағы өзекті мәселелерді, перспективалар мен жаңа бағыттарды талқылады.

COVID-19 пандемиясына және тауарларды жеткізудің дәстүрлі тізбегінің бұзылуына қарамастан, Қазақстан мен Литва арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылдан бергі кезеңде өскенін көрсетті. Мәселен, 2021 жылы 6 ай ішінде 78% - ға өсіп, 694,2 мың тоннаны құрды.

"2020 жылдың қорытындысы бойынша біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда 16,6% - ға (413,2 млн. АҚШ доллары) ұлғайды және негізінен мұнай мен электроника саудасының өсуіне байланысты 481,6 млн. АҚШ долларын құрады. 2021 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстаннан Литваға экспорт 66,6% - ға төмендеп, 89,1 млн. АҚШ долларын құрды. Экспорттың негізгі төмендеуі мұнай мен металдар жеткізілімінің қысқаруы есебінен болды", - деді Қайрат Төребаев.

Бұдан басқа, көлік саласында тараптар жақын арада Әуе қатынасы туралы Қазақстан-Литва үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасын келісуді аяқтауға келісті, бұл Wizz Air Hungary Ltd авиакомпаниясына Вильнюс - Нұр-Сұлтан - Вильнюс және Вильнюс – Алматы - Вильнюс бағыттары бойынша тұрақты авиарейстерді іске қосуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Комиссия отырысы барысында тараптар литвалық "AVIA Solutions Group" компаниясы атынан "BAA Training" компаниясы мен "Азаматтық авиация академиясы" АҚ арасында PART FCL мектебін құру және академияны ұшқыштарды оқыту бойынша EASA сертификатын алуға дайындау туралы шарт жасасу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан-Литва ҮАК 13-ші отырысының хаттамасына қол қойылды, ол алдағы жылы Нұр-Сұлтан мен Вильнюстің өзара іс-қимылының өзіндік "жол картасы" болады.

Қазақстан Литваның әлемдегі ең ірі сауда серіктестерінің жиырмасына кіретінін естеріңізге сала кетейік. Соңғы жылдары коронавирустық пандемияның теріс әсеріне ұшырамайтын екі ел арасындағы электрондық сауданың өсуі байқалды. Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымының көлемі ҚР-ның Балтық және Солтүстік Еуропа елдерімен саудасы бойынша деректермен салыстырғанда аса ірі көрсеткішке ие.

  • 07.09.2021
  • 227
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика