• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Сауданы дамыту ұлттық жобаларда көзделген

Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің реформасы жүргізілуде. Атап айтқанда, ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың орнына қоғамның нақты қажеттіліктеріне бағдарланған ықшамды ұлттық жобалар қабылданатын болады.

Осылайша, сауданы дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту» деген 2 ұлттық жобаларда көрініс табады (әзірлеуші – Ұлттық экономика министрлігі).

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» жобасы шеңберінде шикізаттық емес экспортты 2 есеге - 41 млрд. долларына дейін ұлғайту бойынша міндет көзделген.

Мұны шешу үшін бірқатар кешенді шаралар қабылданатын болады.

Біріншіден, «Экспорттық акселерация» бағдарламасы іске асырылатын болады. 2025 жылға дейін 1000 отандық тауар өндірушілерді қамту жоспарланып отыр. Олардың ішінде кәсіпорындардың 30%-ы өздерінің алғашқы экспорттық келісімшарттарын алады, қалған 70%-ы өздерінің экспорттық көлемдерін ұлғайтады немесе тұрақты жеткізілімдері бар жаңа нысаналы нарықтарын ашады.

Екіншіден, жыл сайын кемінде 50 экспорттаушы халықаралық электрондық алаңдарға шығарылатын болады. Арнайы премиум мәртебесі бар экспорттаушылар өз өнімдерін маркетплейстер ішінде жан-жақты ілгерілету мүмкіндігіне ие болады.

Үшіншіден, экспорттаушыларды қолдау жөніндегі кешенді шаралар кеңейтілетін болады. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға, экспорт географиясын кеңейтуге және экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, 2025 жылы зертханалық базаның 30%-ы жаңғыртылады. Отандық өндірушілер Қазақстанда өз өнімдеріне сынақ жүргізе алады және сол арқылы өздерінің шығындарын азайта алады, яғни экспортқа шыққан кезде бәсекеге қабілетті бола алады.

 

Екінші ұлттық жоба «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық тауар өткізу желісін құруды қамтиды.

Бұл бағыттағы жұмыс басталды.

Біріншіден, стационарлық емес сауда объектілері жаңғыртылатын болады.

Бүгінгі күнге 500-ден астам әмбебап сауда базарларының 103-і жаңғыртуды талап етеді. 2023 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 37, 2025 жылдың соңына дейін қалған 66 (басқа өңірлерде) сауда объектісін жаңғырту жоспарлануда.

Аталған шаралар өркениетті сауда деңгейін арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға және көлеңкелі сауданы қысқартуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, тиімді жұмыс істейтін сауда-логистикалық және тарату жүйесін құру көзделеді. Бұл заманауи сауда инфрақұрылымын қалыптастыру, 24 КТО салу.

Оны іске асыру сауда субъектілерінің өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы қабылданады және трансшекаралық сауданың 5 орталығы құрылады/жаңғыртылады.

Бүгінде, Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» ХСЭЫО құру басталды. Ресей, Қытай, Қырғызстанмен сыртқы шекараларда осындай орталықтар құру және жаңғырту жоспарда бар.

Аталған мәселелерді шешудегі кешенді және жүйелі тәсіл сауда хабтары жүйесін құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл жүйе КТО-мен интеграцияланып, Еуразиялық сауда ағындарын дамытудың өзегі болады.

Бүгінгі күнге ұлттық жобалар мүдделі мемлекеттік органдармен келісудің барлық рәсімдерінен өткенін және жақын арада Премьер-Министр Кеңсесіне және Президент Әкімшілігіне қарауға енгізілетінін атап өткен жөн.

  • 07.09.2021
  • 318
Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика